Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Не көріп жүрсіз? 9790 1 пікір 7 Қараша, 2015 сағат 21:43

ӘЙЕЛГЕ "БИЛІК" БЕРСЕҢ, ЛЕСБИ-ҚЫЗЫҢ "КЕЛІН" ТҮСІРЕДІ

Жазушы, журналист Гүлжан Ізтайдың «Оқыған қыз бұзылған қыз емес» http://abai.kz/post/view?id=5359 деген мақаласын оқып отырып, іште жатқан біраз ойымды оқырман назарына ұсынуды жөн санадым.

автор

«ОҚЫҒАН» ӘЙЕЛ ҚАЗАҚҚА НЕ БЕРЕДІ? 

Әйел дегенде – менің көз алдыма жүзінен мейірім нұры төгіліп: «Құлыным, ботақаным, шырағым, айналайын!» деп мың толғанып, маңдайымнан емірене иіскейтін ақ жаулықты аналар көз алдыма елестейді.  Мұндайлар бар, бірақ жылдан жылға азайып барады. Бастан орамал, жүректен иман, беттен ұят кеткелі қашан?. Ұлтты тәрбиелейтін аналардан тәрбие кетсе, сонда болашақ қазақ ұрпағын кім тәрбиелейді

 ... Осы неге қазақ әйелдері оқыған сайын, білімді болып билігі  мансабы жоғарлаған сайын ұлтынан, салт-дәстүрінен жерініп, тіл-дінінен безіп кететініне түсінбеймін. Өйткені депутат, министр, шенеунік болған қазақтың бір әйелі – тарихымызда ұлтшылдығы үшін сотталып немесе атылып кетті ме? Жоқ. Керісінше, есі дұрыс адам білімі жоғарылаған сайын тарихына, ұлтының ар-намысын қорғап, мәдениетіне, салт-дәстүріне, дініне жақындап ұрпақтың, ұлттың болашағын ойлау тиіс емес пе?! Білімділіктің, мәдениеттің шығар шыңы осы емес пе? Қане, тұрмыстағы оқыған; мұғалім, дәрігер, ғалым, шененунік, іскер әйелдердің қайсысы жұмыс орнында көшеде басына қазақы орамал тағып, көшеде кездесіп қалған күйеуінің туыстарына сәлемін салып, аузында Алласы, бойында иманына жарасқан киімі, сыпайы, жүзінде нұр, күлімдеп тұрған аяулы, сүйікті әйелді көре аласыз ба?

Қайбір жылы Қазақстанның әйелдері;  министрі, депутаты, мемлекеттік емес қоғамдық ұйым басшылары, әкім-қарарлары, «саясаткерміз» деп жүргендері, ақшаның буына масыққандары бар – бәрі Астанада «Нұр Отан» партиясымен бас қосқан әйелдер форуымында  еркектерді бір «іреді-ау» армансыз. Форум басталарда біреуі – бірін шын сүйсе, біреуі – бірімен мұрнын тыржитып, біреуі – бірімен еріксіз шөлп-шөлп сүйісіп жатыр. Баяғының дана да ақылды, парасатты әйелдерінің қою қап-қара қолаң шаштары мен мөлдір қара көздеріне нұр ойнап тұрса, қазіргінің «оқыған» әйелдерінің шаштары сап-сары, ұйпа-тұйпа, күйелеш, көздері бояудан көгерген, беттерінде бес елі қалың кремі бар. «Оқыған, дамыған, өркениетті» қазақ әйелдердің қарым–қатынас тілдері орысша болды. Алғашқыда бәрі «дұрыс» басталған сияқты еді. Тек  Бибігүл Төлегенова апамызға сөз тигенде: «Еркектер әйелдерді сыртқа итеріп тастады» деп «бір бұрышқа» апарып тығып жіберді, оған дейін ешкім еркектерді жамандамаған еді, төрде жиынды басқарып отырған сенатор С.Жалмағамбетова: – Әйелдер билік үшін күреспей отыр... Енді екі жеңді түріп жіберіп «іске» кірісуге болады, –деді қуанышын жасыра алмай... Топ–топқа бөлініп, дөңгелек үстел өткізді. Еркектерді жамандау тақырыбы мәжіліс депутаты  А.Соловьева басқарған дөңгелек үстелде мүлдем «қызып» кетті. Сол-ақ екен,  Алтыншаш Жағанова:  «Орысша сөйлеу – мәдениеттілік. Әйел – ана. Ол бәріне жауапты. Ел басқарып отырған еркектер әйелдерге бас июі керек. 1990 жылдары әйелдер базарға шығып, отбасын асырады. Р.Сәрсенбаеваға алғыс айтамыз. Әйтпесе, «билік» («билік» деп отырғаны еркектер)  әйелдер кеңесін жауып тастайтын еді. Біздің мемлекет әйелдерсіз дами алмайды. Сондықтан билікте әйелдер отыруы керек» десе, «Ақ жол» партиясынан келген М.Айтхожинова: «Гендерлік саясатты» қолдайтын партияға ғана әйелдер дауыс беруі керек. Сайлауға түскен еркектердің өзі «Гендерлік саясатты» қолдамаса, әйелдер дауыс бермеуі керек», –деп көкіді. Ал, Астана қаласы әйелдер ұйымы атынан сөйлеген әйел Астанадағы мектеп жасындағы 14 жасқа толған қыздардың денсаулығын тексергенде  70 пайызы «қыз» болмай шыққанын ашына жеткізіп, қыздар тәрбиесімен айналысу керек екенін айта бастағанда А.Соловьева оны тыйып тастап: «Біз проблеманы айту емес, әйелдерді билікке қалай көтеру үшін күресуіміз керек», – деп жымысқы ойды ашық айтты. Ақтөбе облысынан келген әйел: «Жақында еркек полицейлер бірігіп полковник әйелді жұмыстан қуып шықты», – деп отқа май құйды. Тек қана еркектерді жамандауды ести бергеннен құлағы сарсыды ма,  әлде ақылдылығы болар, ылғи қазақтың ішіндегі жалғыз орыс әйелі Қостанай облыстық «Іскер әйелдер ассоцициясының» мүшесі Қостанай облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ирина Петрқызы Аронова ханым:  «Еркектерді жамандап, кінәләуды қою керек. Әйелдер билікке көтеріле алмаса, біліктілігі, білімділігі жетіспейді. Қазақстанда «әйелдерді билікке өсірмейді, кемсітеді» дегеннің бәрі өтірік. Сол еркектердің арқасы емес пе, бәріміздің ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда, мамыражай заманда өмір сүріп отырғанымыз. Оларға алғыс айтудың орнына жамандап отырмыз» дегенде, шуылдаған қазақ әйелдерінің біразы тосылып қалды. – Бәрібір көзге көрінбейтін қысым жасайды, – деп Соловьева айтқанынан қайтар емес. Іскер әйелдерге «көсем» болып жүрген Р.Сәрсенбаева: «Қазақстанда әйелдер билігіне шек қойылады. «Нұр Отан» партиясының билігінде 50 пайыз әйелдер отыруы керек...», – деп бір жақсы сөз айтпады-ау ақыры. Сонымен, Қазақ мемлекетінде мемлекеттік тілде емес өзге елдің тілінде, қазақ халқын жамандаған шулаған қатындар форумы өтті. Бұл аздай Астана қаласында өткен әйелдердің Еуразиялық екінші саммитінде «оқыған» қазақ әйелдерінен ақыл мен сана, инабат пен иба, мейірім мен шапағат, аналық сезім мен ұлттың анасы дәрежесінен төмен кеткені төбе шашымды тік тұрғызды. Өйткені, елге мақтанар, көрсетер, үлгі қылар ісі жоқ, бос мақтаныш пен санасыздыққа құрылған көпірме жел сөзден «Rixsos» қонақ үйі «өсекшілер ордасына» айналды. Әсіресе шетелден келген әйелдердің сапасына қарасаңыз, көпшілігі байдан ажыраған, байға тимеген, ана болып көрмеген, байсыз бала тапқан, әр еркекке көзін сүзіп жүретін, еркектерді жек көретін, ата-ананың аялы алақанын сезбеген, жетім өскен, ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиеленбеген, адамдық қасиеттерден жұрдай, ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін жек көретіндер жиналғандай. Қазақ әйелдері де солардың шамасына жетіп қалыпты. Үзілістерде, мейрамханадан ас ішіп ауқаттанғанда темекіні бұрқыратып, арақ ішіп отырғандары да жетерлік болды. Қазақ тілінде бір ауыз сөз де айтылмады. Жалбаңдап, бір-біріне жарамсақтанып жүргендері көрер көзге ерсі болды. Еркек түгілі қатысып отырған есі дұрыс қыз-келіншектердің өздері теріс қарап, ұялды. Сондай биік-биік лауазымда отырып, жеткен ақылдары сол шығар, айтқан әңгімелері ұсақ-түйек, қарның ашады. Еркек журналистер қызық үшін біраз жүрдік. Қыз-келіншек журналистер ұялып кетіп те қалды. Мінбеге бірінен соң бірі таласып шығып әбден мақтанды. Қазақ айтады: «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, Жамандар жақсымын деп айқайлайды», – деп. Жаман екендіктерін дәлелдеді. Олай дейтін себебім, қазақ әйелдері: «Әйелдер ақылды, әрі білімді болса да Қазақстанда еркектер оларға  билік бермейді» деп өз Отанын, қазақ халқын, отбасын шетелден келген өзгелерге жамандай ма? Ақылды әйел ешқашан өз ұлын, отағасын жамандамайды. Салиқалы сөз айтылмады. Депутаты, министрі, шенеунігі, байшыкеші бірінен бірі өткен көпірме сөзбен көмкерді.

Әйелдердің миы жаңалық ашуда ең қарапайым ас үйдегі тұрмыстық құрал-саймандарды ойлап табуға  да жеткен жоқ қой. Әйтпесе он мыңдаған жылдар бойы сол ас үйде жүрген жоқ па? Ас үй құралдарына дейін еркектер істеп берген жоқ па? Сонда оларда қайдағы білімділік, қайдағы ғылыми жаңалық ашу?

Әйелге билік берсең, «гомик» ұлыңды үйлендіріп, «лесбиянка» қызыңды күйеуге беріп, құйрық бауыр жеп жетісерсің, сорлы қазақ. Әрине, мешітте емес бала-шағаңмен Иегово сектасына кіріп, шіркеуге барып, некесін қидырып, немере-шөберелерінің «қызығын» көріп, жоқ көре алмай өтерсің. Өйткені ұлың ұлға тисе, қызың қатын алса, тұқымың тозды деген осы болады. Қазіргі жауларымыз неше түрлі қоғамдық ұйымдар ашып, қаржыландырып, «әйел теңдігі», «әйел мен баланы қорғау», «гендерлік саясат» т.б. сұрқия «коммунизмімен» емексітіп, қазақ еркектеріне қарсы қазақ әйелдерін салып қойды. Қазақ әйелдері осы беттерінен қайтпаса, мыңдаған жылдар бойы жауларымыз жоя алмаған қазақты, әйелдері елу жылда тұқымынан тоздырып, тумысынан аздырып қазан етуі мүмкін.

... Азарсың, жұртым , азарсың,

Азарыңның белгісі:

Ішіне шынтақ айналмайтын,

Ежірей деген ұлың болады.

Ақыл айтсаң ауырып қалатын,

Бедірей деген қызың болады.

Алдыңнан кес-кестеп өтетін,

Кекірей деген келінің болады.

Ит пен мысықтай ырылдасқан,

Еркек пен қатының болады.

Әйел ерге теңеледі,

Көл теңізге теңеледі,

Сиыр өгізге теңеледі.

Әйелің базаршы болады,

Еркегің қазаншы болады, – деген Қайран Мөңке би бабам-ау, әулие екенсіз, айтқаныңыз үш ғасыр өткен соң дәл келіп, ұлтымыздың жойылуы алдында тұрмыз. Билікке шыққан әйелдер, қазақ халқынынң анасы емес, сол ұлтты тұқымымен жоюшы болып отыр. Әйелдерге, қыздарымызға жөн көрсетер, ұлтымыздың, салт-дәстүріміздің киесі болған қайдасыз,  асыл да ардақты Домалақ ана, қайдасыз әйел атаулының піріне айналған Бибі Фатима ана?

Тоғайбай Нұрмұратұлы

Abai.kz

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528