Жұма, 22 Қараша 2024
Уақ-түйек... 4111 0 пікір 7 Қараша, 2015 сағат 03:00

Мәртөбегі қоқыс полигоны жабылады

Шымкенттің іргесіндегі «Мәртөбе» қоқыс полигонына байланысты жергілікті тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз наразылығын білдірген болатын. Осы түйіткілді мәселе төңірегінде Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырды. 
Еске салар болсақ, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің 3 ақпандағы №297 бұйрығымен Қаратау ауданы тұрғындарынан жинақталған тұрмыстық қалдықтар толығымен «Мәртөбе» полигонына тасымалданып келген. Биыл аталмыш полигонға жобамен 39 мың тонна тұрмыстық қалдықтар төгуге рұқсат етілген. Қазіргі таңда «Таза қала» МКК-нің шешімімен мұнда күніне 23-25 тонна көлемде қалдық тасымалдануда. Яғни орта есеппен қоқыс жинау алаңшасына әр күні жеткізілген қалдықтар көлемі 10-13  жүк көлігінен аспайды. 
Шымкент қаласының тазалығы мен көріктілігіне баса мән берген қала  әкімі Ғабидолла Әбдірахымов полигон аумағына жақын орналасқан тұрғындардың талабын ескере отырып, осыдан бір ай бұрын аталмыш полигонды көшіру туралы тапсырма берген болатын. Себебі, аталмыш полигон ондағы көпқабатты үйлерден небәрі жарты шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір жауапты сала мамандары жаңа қоқыс палигонының орнын қарастыруда. Жаңа орын анықталған жағдайда, Мәртөбе қоқыс палигоны толығымен жабылмақ. 
Бұл мәселе сәйкесінше әлеуметтік шиеленістік туындауына алып келуін ескере отырып қала әкімдігі тарапынан Мәртөбе елді мекенінің қолданыстағы қоқыс полигонына қосымша 2,15 гектар жер телімін бөлу жұмыстарын қолға алуда. Әрі полигон территориясына жақындап кеткен тұрғын үйлер мен қоқыс тастайтын жердің ара қашықтығын 2005 жылғы №137 бұйрық талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беріп, санитарлық ара қашықтықты 502 метірден кемтпеуді қадағалауда.  

Сонымен қатар қосымша бөлінетін жердің қоршауын қалпына келтіру және дезинфекциялық шұңқырдың (дезинфекционная яма) құрылысы жүргізуге тиісті тапсырмалар берілді. Қосымша бөлінген жер телімінің сыйымдылығы 3 жылға есептелген. Осы уақыт кезінде қала әкімдігі тарапынан аталған аумақтарға қызмет көрсететін жаңа полигонға жер телімін іздестіріп бөлу және инвесторларды енгізе отырып өңдейтін зауыт құрылысының жұмысын жүргізу жоспарлануда.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329