Жексенбі, 3 Мамыр 2026
Жаңалықтар 5063 0 пікір 5 Қараша, 2015 сағат 12:28

НАЗАРБАЕВ ҰЛЫБРИТАНИЯ ХАНШАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

4 қарашада Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II Лондондағы Букингем сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет қарауылымен қарсы алып, келіссөздер жүргізді.

Одан бір күн бұрын Назарбаев Ұлыбритания үкімет басшысы Дэвид Камеронмен кездесіп, 4,6 миллиард доллар сомасында екі жақты сауда келісіміне қол қойған. Камерон бұл келісімді "екі мемлекет арасындағы әріптестік даму мен прогресс"деп атаған болатын.

Белсенділер британ үкіметін іскерлік қызығушылықтарын адам құқықтарынан биік қоятынын айтып сынға алды. Алайда премьер-министр өкілдері Назарбаевпен кездесу кезінде адам құқықтары мәселесі көтерілді деді. Енді Назарбаев Лондоннан Францияға ат басын бұрады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 884
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 736