Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5322 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 03:00

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА "ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТИЮ" АТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жуырда  аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Шаңырақ» отбасы клубы «Қызды қырық үйден тыю» атты  тәрбиелік–тағылымдық іс–шарасын өткізу жөнінде бастаманы қолға алып, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 12–21 қазан аралығында 1 жоғары және 7 орта арнаулы оқу орындарында ұйымдастырылып өткізілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын  талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Аталмыш шара Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық–техникалық колледжінен бастау алды. Кездесу алдында жастарға тақырып төңірегінде сауалнама парақшалары таратылды. Шараға тек қыз балалар ғана қатысып  қоймай, сондай–ақ, нәзік жандылар жайында  өз ой–пікірлерін білдіруге ниет білдірген ер балалар да қатысты. Жұмысшы топ құрамында қатысқан  Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Эльмира Темірбаева, аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы  Камира Өмірбай, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының валеологы Роза Татиева, аудандық әжелер алқасының Айжамал Қоңырбаева секілді аналарымыз жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан дәріс беріп, өмірден көрген-түйгендерін айтып, қыздарды әдемілік пен әдептілікке, жат қылықтан аулақ болып, үлгілі болуға, ата–ананың үмітін ақтауға шақырды.

Іс-шара бірсарында емес, жастармен пікір алмасу түрінде өтті. Тақырып «Қызды қырық үйден тыю» болғандықтан қырық тыйым жайында аудиторияға әңгімелер, қыз баласына байланысты мақал–мәтелдер айтылды. Бұл тағылымы терең кездесулер «Сырдария» университетінде, Мақтарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес, №14, №15 кәсіптік, Жетісай медициналық, «Жанықұл», «Мырзакент» колледждерінде болып өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048