Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5429 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 14:31

ОҚО: ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қалалық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды

 

Шымкентте қалалық мұрағаты ғимаратының ашылу салтанатты өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен облыстық мәслихаттың хатшысы Ержан Құдайберген қатысты. Нұрсәт шағын ауданынан орын тепкен жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 525 миллион теңге қаражат бөлінген. 
Заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттың жалпы қорында 100 мыңға жуық жеке құжат сақталған. Жалпы сыйымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған жаңа мұрағат қоймасына тағы да 400 мың құжат сияды. 

Шымкент қалалық мұрағат мекемесі 1992 жылы құрылған. Мұрағаттың алғашқы құрылған жылдарында қажетті құрал жабдықтар мен құжат сақтайтын қойма, маман жетіспеушілігі сияқты қиыншылықтар болды. Қазіргі таңда облыстағы нысандарда барлық жағдай жасалған.

 

Шымкентте электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынады

Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынатын болады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов айтты.

- Орта бизнестегі көшбасшы компанияларды қолдау үшін «Ұлт чемпиондары» секілді бағдарламаны іске қосу бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алды. Мәселен, біз осы бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеу сыныбы 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын шығару бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз, - деді Е.Ілиясов.

Айта өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғашқы трансформатор зауыты Кентау қаласында 1959 жылы салынған болатын.

 

Өңір басшысы Қазығұрт ауданына барды

 

Облыс әкімі Б.Атамқұлов Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында ол ауданда орналасқан жылыжайды аралап көрді. Бүгінгі таңда кәсіпкер Л.Жұбатова салған жылыжайдың 1 гектар жерінен алынған өнімнің түсімі 200-250 центнерге жетіп отыр.

Аралаған нысандардың арасында ауданда дақылдар өсірумен және қайта өңдеумен айналысатын «Аманкелді» ЖШС-і де болды. Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан нарығынан бөлек Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан республикаларына шығаруда.

Сапар соңында әкім Қазығұрт ауданының ардагерлерімен кездесті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Бүгін, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты «Қазақ хандығы - Тәуелсіз Қазақстанның негізгі бастауы және Мәңгілік Ел» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Аталған конференцияға Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен бірге бұл конференция жұмысына әлемге танымал тарих ғалымдары, археологтар, антропологтар мен философтар және студенттер мен магистранттар қатысты.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген конференцияның негізгі мақсаты өткен тарихымызбен, келекшекті байлансытырып, жастарға елдік дәстүріміздің тереңде екенін сезіндіріп, тарихи сананы жаңғырту болып табылады.

Жиын,М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының алғы сөзімен басталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым камитетінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, т.ғ.д, доцент Амангелді Нүркеұлы Қашқымбаев, Ресей Ғылым академиясы Африка институтының тропикалық Африка елдерін зерттеу Орталығының жетекші ғылыми қызметкері Василий Рудольфович Филипов пен Қазақстан ұлттық Ғылым академиясының академигі Оразақ Исмагұлов, Түркия Республикасынан келген PhD доктор Айхан Палалар баяндамаларын жасады.

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қуанышұлы өзінің құттықтау сөзінде
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашуға арналған салтанатты жиында: «Баршаңыз білесіздер, Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қағады. Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасында бой көтерген Қазақ Ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік етті. Түптеп келгенде Керей мен Жәнібек тұсында тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағынаны береді» деп атап өтті. Сондайық-ақ конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция төмендегідей 4 секция бойынша жұмыс жасады.

Атап айтқанда:

№1 Қазақ хандығы- Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің негізі;

№2 Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі Евразия кеңістігіндегі этникалық саяси-құқықтық үрдістер және қазақ халқы мен оның мәдениетінің қалыптасуы;

№3 Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуы жайлы археология, этнология және антропология ғылымдарының деректері;

№4 «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру- тәуелсіз Қазақстанның түпкі мақсаты;
Аталмыш халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферения аясында айтылған тұжырымдар қазақ хандығы, яғни қазақ мемлекетті мен мемлекеттілігінің өзекті мәселелері шынайылық тұрғысында және жан-жақты қазіргі тәуелсіз Қазақстанмен сабақтастырыла беріліп, жасалады деп күтілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048