Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 9653 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 13:34

ҚИСЫҚ МІНЕЗ

Өртеп жіберу дегеннен шығады ғой... Ашуланса сіріңкеге жабысатын қисық мінез бір адам бар біздің үйде де.

Ол кезде біз кішкентаймыз. Папамның құрдастары асарлатып біздің үйді тұрғызып берді. Тілі қыршаңқы бір құрдасы бір күні "Мынау менің салған үйім, қай күні келсем де өзім білемін, сен емес бұл үйдің қожайыны" деп шәлтиіп төрден шықпаған ғой. Қатты ашуланған папам керосин шашып жіберіп, үйге от қойыпты. Көршілер дер кезінде өртті сөндіріп, үйді алып қалды. Төсек көрпелер өртеніп кетіп, көршілер берген тақыр кілемнің үстінде жатып күрсінген сол кезде... Аяқ астынан келіп қалатын қыңыр мінезіне өкінді-ау деймін.

Бір үйдің шаруасын дөңгелетіп отырған папамның "ГАЗ-53" машинасы болған. Ауылда шөп түсіреді, қи тасиды, жыңғыл тасиды. Кәдімгідей табыс әкеліп отырған машина еді, жарықтық... Құжаттары дұрыс болмағасын МАИ қызметкерлері келіп, папама тиіскен ғой. Папам ерегісіп алған, "Құжаттарын да, машинаны да ешқайда әкетпейсіңдер" дейді. Бір кезде артқы нөмірін ағытып алып жатқан гаищникті итеріп тастап, машинаны қыздырып алды да, шаңды бұрқыратып тартты ауыл сыртына. Он бес минут өткенде көкжиектен қызыл жалын лап етті. Бір сұмдықтың болғанын сезген бәріміз тұра жүгірдік. Барсақ қолында машинаның рукояткасы бар папам келе жатыр. "Тттүсөгейіндерррр, керегі осы ма?" деді де үйге кіріп кетіп жатып алды. Ертеңіне қап-қара темірге айналып кеткен машинасының қаңқасының қасында ұзақ жүрді айналып. Тағы да өкінді-ау деймін...

Бақытгүл Сармекова

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264