Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4856 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 11:50

ПУТИН КІШКЕНТАЙ УМАРАЛИДІҢ ӨЛІМІНЕН ХАБАРДАР

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте қайтыс болған бес айлық тәжік нәресте Умарали Назаров жайынан хабардар. Бұл жөнінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Әрине, ол (Путин) хабардар, бұл жайында БАҚ кеңінен жазды. Мемлекет басшысы бұл оқиғаны біледі», - деді Песков.

Сонымен бірге бұл оқиға президенттің бақылауында ма деген сұраққа ол «әр оқиғаны президент жеке қадағалай алмайды. Бұл мүмкін емес нәрсе», - деп жауап берді Путиннің баспасөз хатшысы.

Умарали Назаров 13 қазанда оның әке-шешесін миграция заңын бұзғаны үшін хаттама толтыруға полиция бөлімшесіне әкеліп сұрауға алған кезде қайтыс болған. Ресей ІІМ 21 қазанда полиция бала өліміне кінәлі емес деп мәлімдеді. Олардың пікірінше, сәби алдын вирус инфекциясын жұқтырған. Бірақ нәрестенің ата-анасы мұнымен түбегейлі келіспейді. Сап-сау, ешқандай аурумен ауырған жоқ дейді. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1981
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4832
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4010