Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5584 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 12:22

РЕСЕЙДІҢ ҚОРЫ 2016 ЖЫЛЫ ТАУСЫЛАДЫ

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов сейсенбі күні Федерация кеңесінде 2016 жылы Ресей барлық активтері мен қорларын таусып бітуі мүмкін екендігін жеткізді. Себебі,  2015 жылы бюджеттің сақтық қоры екі есеге қысқарамақ. Егер келесі жылы да дәл осылай жұмсала берсе, онда ресурстан түк қалмайды деп ескертті қаржы министрі.

Федерация кеңесінде экономикалық даму вице-министрі Алексей Ведеев те Ресейдің экономикалық жағдайы күрт төмендеуі мүмкін деді. 

Ол сонымен бірге 2016 жылы мұнай бағасының түсуі жалғаса беретінін айтып, бұл төмен баға 2018 жылға дейін сақталатынын, әрі бұл жағдайда Ресей экономикасын қайта көтеру 2020 жылға дейін мүмкін болмайтынын ескертті.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1465