Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5301 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 12:20

КЕРРИ КЕЛЕ ЖАТЫР

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяу күндері Орталық Азияға келіп, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан елдеріне ат басын тіремекші.

Ол 30 қазанда Венада өтетін Сирияға қатысты келіссөзден кейін, бірден Орталық Азияға қарай бет бұрмақ. Бұл АҚШ мемлекеттік хатшысының бес аймаққа жасайтын алғашқы сапары болмақшы.

Бішкекте ол Орталық Азиядағы Америкалық университеттің жаңа кампусы мен Қырғызстандағы Америкалық елшіліктің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысады деп күтіледі. Ол сонымен бірге Самарқандта болып, орталықазиялық елдері сыртқы істер министрлерінің форумына қатыспақшы. Бұл Вашингтонның бес аймаққа арналған жаңа форматтағы диалогының бастамасы болмақ. 

Джон Керри Астанада «АҚШ Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік» аясында өтетін кездесуге қатысып, Назарбаев университетінде лекция оқымақшы. Ол сонымен бірге Ашхабадқа, содан кейін Душанбеге барады.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 722
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685