Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 6461 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 08:13

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚҚА АНЫҚТАМА БЕРМЕЙТІН БОЛДЫ


Қытай Халық Республикасының ең жоғары билігінің органы саналатын «Рынмин Рыбао» (Халық газеті) газетінің 2015 жылдың 25-тамыздағы санының 11-бетінде Қытайдың Қоғамдық Қауіпсіздік министрлігінің осы жылдың 22-тамызындағы бұйрығына сілтеме жасай отырып, ендігі жерде Қытай Қоғамдық Қауіпсіздік (ішкі істер) тарауларының 18 түрлі шектен шыққан, сорақы анықтаманы (газеттің төл сөзі) бермейтіндігін жариялады.

Соның 14-сі – «заңға қайшы қылмысының бар немесе жоқтығы» жөніндегі анықтама. Онда аталған анықтаманы не себепті бұдан былай жеке тұлғаның өзіне бермейтіндігі (бұрын Қытайдың өз ішінде ерекше қажет болған немесе азаматтың жеке басына байланысты күдік-күмән туындаған жағдайда ғана беріліп келген)  жөніндегі құзіретті министрлік былайша түсіндіріпті: «Кез келген жеке тұлғаның қылмысқа қатыстылығы жөніндегі мәлімет қоғам қауіпсіздік мекемелерінің ішкі шаруасы, сол себепті, мемлекеттік әкімшілік және әділет мекемелері жеке тұлғаның саяси толымдылығын тексергісі және де жеке тұлғаға қатысты басқа да жағдайяттарды анықтағысы келсе, ал, кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелер өз қармағындағы аса маңызды деген лауазымды орындарға тағайындамақшы болған жеке адамдар жайлы толық мағлұмат алғысы келсе, тексеру өкілеттігі бар құзыретті адамдарын жұмсап, арнайы қызметтік куәлігімен және аталған мекемелердің арнайы қатынас хатымен келген жағдайда ғана берілуі мүмкін. Ал, жеке тұлғаның өз қолына аталған анықтама бұдан былай ешқашан берілмейді» – деп бір-ақ кесіпті. 

ҚХР-сы Қоғамдық Қауіпсіздік министрлігінің (ішкі істер)  аталған бұйрығына сәйкес, Қытайдан елге оралатын ағайындар  ҚР Ішкі істер органдарының талабын орындаймын деп ендігі жерде, Қытайдың ең жоғары билігінің үні болып саналатын «Рынмин Рыбао» (Халық газеті) газетінің өзі «шектен шыққан, сорақы анықтама» деп атаған «қылмыстық жағдайға байланысты анықтаманы» Қытайдың құзыретті органдарынан сұрап, бос әуреге түспегені жөн. Жалған анықтама әкеліп, жазықты болудан тіпті де сақ болыңыздар, ағайын!

Рақым АЙЫПҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2058