Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 4251 0 пікір 22 Қазан, 2015 сағат 10:27

БОРЫШКЕРДІҢ ЖАЙЫ КЕЛІМБЕТОВТІ ТОЛҒАНДЫРА МА?

Басына түспеген адам қайта қаржыландыру (рефинансирование), ипотекалық қарыз дегендерді біле бермейді, тіпті білгісі де келмейді. Ал осылардың зардабы басында жүрген қаншама отандастарымыздың шырылдап бармаған жері, баспаған тауы жоқ.

 

Олардың мұңын тыңдап жатқан өкімет жоқ, құқық қорғау органдары мен әкімдер пысқырмайды да, депутаттар арасынан тек Айқын Қоңыров қана олардың мұңын жақсы түсініп, қолынан келген көмегін жасап жүр.

Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында ол тағы да Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетовке депутаттық сауал жолдап, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылдың 11 ақпанында өкіметтің отырысында берген нақты тапсырмасына сәйкес 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін орындалатын ипотекалық тұрғын-үй қарыздарын қайта қаржыландыру Бағдарламасын жасалғанын айтты. Бірақ осы бағдарлама шала піскен қауындай болып, жұрттың ішін бұзып жүр емес пе? Атап айтқанда «Астана – Финанс ипотека» АҚ ұйымының міндеткерлігін біреуге тапсыру анықталмаған, бағдарламаға енгізілмеген басқа банктердің алдында ипотекалық қарызы бар борышкерлердің мәселесі де қарастырылмаған. Жекеменшік үйінің аумағы 120 шаршы метрден асатын борышкерлердің мәселесі де «ұмыт» қалған. Сонымен қатар Бағдарламаны жасау барысында борышкерлердің нақты қандай құжаттар ұсынатындығы нақтыланбаған, соны сылтауратып банктер борышкерлерден нешетүрлі қажетті-қажетсіз құжаттарды талап етуде. Сайып келгенде ол борышкерлерді қарыздың қамытына батыра түсетін жағдай туғызуда. Міне, осындайлардың кесірінен 25 мыңнан артық борышкердің 9 мыңдайы ғана Бағдарламаға қатыса алып отыр. Олардың да тек 5 мыңының құжаттары өндіріске алынды. Осының бәрі халықтың наразылығын тудырып, Президенттің тапсырмасының орындалатындығына күмән келтіруде. Сондықтан, - дейді депутат А.Қоңыров, Бағдарламаның орындалу мерзімін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартып, айтылған мәселелерді жетілдіруіңізді өтінемін. Бұл тілекті Мәжілістегі коммунистер фракциясының бәрі де қолдады, тек енді Келімбетов мырза қолдар ма екен? Гәп сонда.             

Серік  ЕЛЕУ, сарапшы

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397