Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 7970 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 17:33

ЖАПОНИЯ ПРЕМЬЕРІ КЕЛЕ ЖАТЫР


Қазаның 26-сы мен 28-і арасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстанға келмек. Бұл туралы abai.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жапонияның Қазақстандағы өкілетті елшілігі таратқан ақпараттарға сүйенсек,  премьер-министр Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастырды нығайту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ, ҚР Президенті мен екі-жақты кездесулер өткізіп, бинез-форумға қатысады деп күтілуде.

Бұл Абэ мырзаның  Қазақстанға екінші сапары. Бұдан бұрын 2006 жылы Синдзо Абэ сол кездегі премьер-министр Дзюнъитиро Коидзумимен бірге келген болатын.

Сонымен, әдеткі  тілемшілер тілін шүйіріп келіп,  қомпиып қайтатын Қазақстанға Жапония премьер-министрі не үшін келе жатыр? Қазақстан мен Жапонияның қазір ара-қатынасы қандай деңгейде? Басқа-басқа емес, Абэ мырзаның өзі келе жатқаны ненің нышаны?

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Жапонияны тек ұзақ жылдарға созылған дипломатиялық қарым-қатынас қана емес, сонымен бірге мемлекетті дамыту бағытында ел басшыларының «Нұрлы жол» және «Абэномика» сынды экономикалық бағдарламалары да байланыстыра түседі-мыс.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев мырзамен Синдзо Абэ 2014 жылдың наурыз айында Гаагада,  ал қазан айында Миланда кездескен. Бұл кездесулер өз кезегінде нәтижесіз болмағаны да рас. Бұлардың сыртында, Қазақстан мен Жапонияның ядролық қаруға қатысты ұстанымдары да сәйкес екен-мыс.

Ал, Қазақстандағы өкілетті елші - Масаёси Камохара бұл кездесудің тарихи маңызы туралы қазақстандық БАҚ-қа бірнеше мәрте сұхбат беріпті де. Сол сұхбатында елші мырза Елбасының саясатының арқасында Қазақстан мен Жапония Орта Азиядағы экономикалық әлеуеті жарасқан серіктес мемлекетке айналғанын айтын көсіліпті.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы жапон тарабы Қазақстан уранына инвестиция салуға ниетті екендіктерін жеткізген болатын. Жапониядағы «Фукусоми 1» атом энергия станциясындағы жарыластын кейін, жапондықтар қазақстандық атом энергетикасына көз тіккені рас.

Сонымен қатар, Синдзо Абэ мен Нұсрұлтан Назарбаевтың арасындағы достық та ерекше екенін бұқаралық ақпарат құралдары жазып келеді.

Ал 2012 жылы  Жапония жер бетінде сирек кездесетін минералдарды өндіру және қайта өңдеуге, табиғи газын игеруге Қазақстан мен көршілес мемлекеттерге 700 миллион доллар бөлген.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270