Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4609 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 02:00

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ШАРДАРАДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2015 жылғы 16 қазан күні 18 қазан - Рухани келісім күніне орай Шардара қаласындағы орталық кітапханада «Дін, қоғам және жастар» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Дөңгелек үстелге мекеме басшылары, аудандағы түрлі ұлт өкілдері, жастар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысып, бүгінгі таңдағы дін мен қоғам және жастардың мәселелері қозғалып, ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел отырысын аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ұ.Зейнедилова жүргізіп отырды. Ұ.Зейнедилова дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының, Конституциямыздың 20 жылдығымен, ҰОС Жеңістің 70 жылдығымен және Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, 18 қазан Рухани келісім күнінің мән-маңызына тоқталып өтті. Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің мұғалімі

Ирина Шералиева қазақстанды бірлік пен татулық мекені екенін айта келе, 1995 жылы Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқын біріктірудегі орасан үлесін үлкен мақтанышпен атап өтіп, дөңгелек үстелге жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады.

Шардара қалалық қауымдастығының төрағасы Қ.Ілесов дін мен қоғам және жастар жайлы айта келе, бүгінгі таңда жастардың жаппай дінге бет бұрғанын құптай отырып, жастарымызды кереғар діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмауы үшін өткізіліп жатқан кездесулер барысымен таныстырып өтті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ш.Қапбаров Рухани келісім күні елімізде кең көлемде өткізілетініне тоқтала келе, Рухани ізгіліктерді қадір тұтқан біздің елде өзара келісімнің негізі қалыптасқанын айта келе, жастардың діни сауаттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысын аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ұ.Зейнедилова қорытындылап, ауданда өз еңбегімен көпшіліктің алғысына ие болып жүргшен бірнеше азаматтарға сый -сияпаттар тапсырды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Алибеков

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620