Жексенбі, 6 Қазан 2024
Билік 3906 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 02:00

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Түлкібас ауданының прокуратурасымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде (бұдан әрі - бөлім) мүлік туралы заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, осы заң мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену немесе пайдалану тәртібін белгілейді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

Бірақ, тексеру барысында 2014 жылдың шілде айында құрылыс нысаны аяқталған Састөбе кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлері бір жылға жуық мерзім аралығында мемлекеттік тіркеуден өтпегені, тиісінше, мемлекеттің меншігіне заң талаптарына сәйкес алынбағаны анықталды. 

Атап көрсеткенде, 2014 жылы Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі Жаңа мөлтек ауданындағы №13 «Б» көп қабатты тұрғын үйдің 9 пәтердің қайта құруға құрылыс жұмыстары жүргізілген.

16.07.2014ж. мердігермер келісім шарт талаптары толығымен орындалып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен нысан қолданысқа қабылданған.

Азаматтық кодексінің 118-бабының талаптарына сәйкес, Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады.

Демек, Састөбе кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлері осы уақытқа дейін мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен, мемлекет алдында жылжымайтын мүлікке құқықтар туындамаған.

Тексеру нәтижесімен, прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, құрылыс нысаны мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

Түлкібас ауданының прокуроры А.Пашаев

Abai.kz

0 пікір