Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4582 0 пікір 19 Қазан, 2015 сағат 17:04

"БАТЬКАНЫҢ" МҰРАГЕРІ

Жақында экономикалық одағымызға мүше тағы бір мемлекет - Белорусияда кезекті рет  президент сайлауы өтіп, нәтижесінде елдің қазіргі президенті Александр (Батька) Лукашенко мырза айқын басымдықпен жеңіске жеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын.

Айта кетейік, ол президенттік креслоға 1994 жылы алғаш отырған еді. Содан бері аттан түспей келе жатқан Батька үстіміздегі жылы Мәскеуде өткен ЕАЭО басшылары кездесуінде ол өзінің амбициясын ашық байқатқан болатын. Сол кезде:

«Мысалы, кейбір ресейлік саясаткерлер мен журналистер «Лукашенко үшін биылғы жыл ерекше болмақ, биыл ол сайлауға түседі. Яғни, Лукашенконы тақтан тайдыруға оңтайлы кезең» деп жазады. Сабыр сақтаңыздар, достар. Лукашенко оп-оңай ығыстыра салатын адам емес. Ол осы уақытқа дейін президенттік нанға тойған. Тіпті, бүкіл әлем Лукашенкоға қарсы шықса да, егер ол өзі қаласа, президент болады!» деген еді Александр Григориұлы (https://www.youtube.com/watch?v=XBJd7SqhhV0).

Ал көптеген саясаткерлердің пікірінше, Александр Лукашенко монархия құруды жоспарлаған. Тіпті, Ол өзінің мұрагерін де жанынан тастамайды. Рас, оған әлемдік БАҚ куә болып жүр.

Мысалы, 2008 жылдан бері Николай Александрұлы «Батьканың» қасынан бір елі алыстаған емес.

Тіпті, оның БҰҰ-ның  Бас ассамблеясына да қатысқаны, атақты актер Жерар Депардьемен бірге шөп орып жүргені, стюардесссаны тістеп алуы секілді жайттармен БАҚ-тың назарына бірден ілінген-ді. Осыдан кейін Николайды «Батьканың» мұрагері екеніне саясаткерлер еш шүбә келтірмейтін болды.

Мысалы, ол АҚШ президенті Барак Обаманың үйіне қонақта болған.

Александр Лукашенконың өзі үлкен ұлдарынан гөрі Николайға көбірек сенім артатыны бірнеше мәрте айтқан болатын. Айтпақшы, ол Николайды ресми түрде 2007 жылы ғана «балам» деп мойындағанын айта кету керек. Ал кішкентай мұрагер 2004 жылы белгісіз біреуден туылған. Сондай-ақ, Николай Александрұлының анасы туралы ешбір дерек жоқ және «Батькадан» баланың анасын сұрауға ешкімнің батылы жетпеген.

Ал ауыр мінезді Александрдың ұлына РФ Президенті болған кезінде Дмитрий Медведев алтыннан құйылған тапанша сыйға тартқан.

Александр Лукашенконың кіші ұлы, дәлірек айтсақ, тақ мұрагері Николай қиқар мінезді бала екендігі туралы бүгінде БАҚ жазып жүр. Бірде, ол сюардессаның қолын тістеп алып, «мен министр болғанда сені атып тастаймын» деп дауыс көтерген.

Ал 2012 жылы Венесуеллаға барған сапарында, Белорусия презденті «Менің Колям ер жеткенде прездент болады» деген. Ондағылардың көбісі мұны әзіл деп ұққанымен, президент мырза сөзін қайталап, «президент болу үшін, президент болып туылу керек» деген.

Айтпақшы, Белорусия бірлескен азаматтық партиясы жетекшісі Анатолий Лебедьконың пікірінше, ел ішінде кіші президентке деген аяныш басым. Көптеген саясаткерлер, Александр Лукашенконың бұл әрекетін ерсі деп бағалап, генералдардың кіші президентке құрмет көрсетуін күлкілі деп есептейді.

Ал 11 жасар Николай Лукашенко әкесінің арқасында Владимир Путин, Виктор Ющенко, Дмитрий Медведев, Мишель және Барак Обама және Рим папасы Бенедикт XVI, Си Цзинпин, секілді әлемдік деңгейдегі тұлғалардың жанында болған.

Түйін: Аттан түскісі келмейтін атақтылар үшін авторитарлық билік қажет-ақ. Десек те, "Батьканың" мінезді мұрагері әкесінің үдесінен шыға ала ма?  Мәселе осында болса керек...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440