ПОРШЕНКО АҒЫЛШЫНШАНЫ ЕЛДЕГІ ЕКІНШІ ТІЛ ЕТПЕК
Украина президенті Петр Порошенко украин тілінен бөлек, екінші жұмыс тілі ағылшын тілі болуы керек деп ұсыныс жасады.
Ол бірінші рет жұмыс тілдерін украин және ағылшынша деп енгізген Киев-Могилян академиясынан үлгі алуымыз керек деді. Ол мұны Киев-Могилян академиясының 400 жылдық мерейтойы кезінде айтты. Академияның бүгінде ұлттық университет деген мәртебесі бар.
Бұл бастаманы негізінен Украинаның реформа жөніндегі ұлттық кеңесі қолдаған. Әрі Украинада бірінші кезекте ағылшын тілін жан-жақты үйрету үшін арнайы тегін бағдарламалар да ашылған.
Украина президенті бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің басты талабы ағылшын тілін білуі шарт деп әрі 2016 жылды Украинада ағылшын тілі деп жариялаған еді.