Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5407 0 пікір 16 Қазан, 2015 сағат 12:17

НАЗАРБАЕВ: СИРИЯ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Бейсенбі күні Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден кейінгі баспасөз брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сириядағы жағдай барлығымызға төнген қауіп, әсіресе Орталық Азия елдері үшін» деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге Ауғанстанның Түркіменстанмен және Тәжікстанмен арадағы шекарадағы қақтығыстар аймақтардың мазасыздығын туғызады деді.

Бұл брифингте Ресей президенті Владимир Путин Сирия мәселесінде диалогтан бас тартқаны үшін АҚШ-ты сынады . Ол АҚШ-ты диалогқа келуден бас тартып тұрып,  Ресейдің терроризммен күресу мақсатындағы Сириядағы әскери операциясын сынағанын түсінбейтінін жеткізді.

Путин Қазақстанға ресми сапармен сәрсенбі күні келді. Бұл Путиннің 30 қыркүйекте Сирияға әуе соққы бастағанынан кейінгі шетелге бірінші сапары. Мәскеу Сирияда ИМ-ге қарсы әскери операция жүргізіп жатырмыз десе, батыс және сириялық оппозиция өкілдері Башар Асад режимін қолдап, оның қарсыластарына қарсы соғыс ашты деп айыптайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510