Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3203 0 пікір 16 Қазан, 2015 сағат 12:13

АҚШ АУҒАНСТАННАН КЕТПЕЙДІ

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанда талибтердің қайта күшейе бастағанын, оларға ауған әскерлерінің төтеп бере алатынына сенімсіздік білдіріп, америка әскерлерін бұл аймақтан толықтай шығару жөніндегі жоспарын аяқасты өзгертті.

Ол қазір Ауғанстанда бітімгерлік мақсатта жүрген он мыңға жуық америкалық әскердің келесі жыл бойында қала беретінін жариялады. Тек 2017 жылы ғана әскер саны 5 мың 500-ге дейін қысқарады деді.

Обама сонымен бірге 2016 жылдан кейін америкалық әскерлер Кабулдың солтүстік жағындағы Баграм әскери базасында, шығыс жағындағы Желалабадта және оңтүстігіндегі Баграмда орналасатын болады деді.

Америка күштерінің миссиясы – ауған әскерлерін қауіпсіздікке және контртеррористік операциясына үйрету. 

Обама осының алдында өзі 2017 жылдың қаңтар айына дейін, яғни Ақ үйдегі президенттік постынан кеткенге дейін Ауғанстандағы америкалық әскерлерді толық қайтаратынын, тек ондағы АҚШ елшілігін күзету үшін аз ғана әскер қалдыратынын мәлімдеген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137