Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3289 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 11:15

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIП» ШЫМКЕНТКЕ КӨШIП ЖАТЫР

Ұлттық атом компаниясының еншiлес кәсiпорындарының кеңселерi Шымкентке көшiрiле бастады, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газеті.

Бұл туралы өңiр басшысы Бейбiт Атамқұлов пен Оңтүстiк Қазақстан облысына iссапармен келген «ҚазАтомӨнеркәсiп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтiң екiжақты кездесуi барысында мәлiм еткен.

Ең әуелi «ҚазАтомӨнеркәсiпке» қарасты өндiрушi компаниялар кеңселерiн Оңтүстiкке көшiру Мемлекет басшысының тапсырмасы екенiн атап өткен жөн. Бұл үдерiс аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң серпiн берiп, кәсiпорындардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттырады деп күтiлуде. Әрi облыс бюджетi жыл сайын 35 миллиард теңгемен толығады деген меже бар.

Әзiрге мұнда «Орталық» ӨК» ЖШС мен «Инкай» БК» ЖШС-нiң орталық аппараттары қоныс аударып үлгерiптi. Ал, осы айдың соңына дейiн «Әппақ» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ және «Заречное» БК» АҚ-ның бас кеңселерi толық көшiп бiтедi. Жалпы, үстiмiздегi жылы Шымкентке атом компаниясының 8 еншiлес кәсiпорны табан тiреп, нәтижесiнде облыс орталығы 500 отбасымен толықпақ.

Жиында А.Жұмағалиев осы көш барысында кәсiпорындарға көрсетiп отырған көмегi үшiн облыс әкiмiне алғысын бiлдiрiп, өзi басқаратын Ұлттық компанияның ОҚО-ның әлеуметтiк-экономикалық дамуына белсене атсалысатынын айтты. Сондай-ақ, ол аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту меморандумында бекiтiлгендей, отандық өнiмдi сатып алу мәселесiнде жоспардың 128 пайызға орындалғанын хабарлады. Жыл басынан берi «ҚазАтомӨнеркәсiп» жергiлiктi кәсiпкерлер мен тауар өндiрушiлерден 5,9 миллиард теңгеге өнiм сатып алған. Осы ретте бұған дейiн аталмыш мекеме меншiгiнде болған 12 әлеуметтiк нысан облыс әкiмдiгiнiң теңгерiмiне өтiп, оларды ұстап тұруға ұлттық компаниядан биыл 88 миллион теңге бөлу көзделiп отырғаны да белгiлi болды. Бұдан бөлек жаңа әлеуметтiк нысандар құрылысы үшiн жергiлiктi қазынаға 800 миллион теңге бөлмек. Компанияның өңiрге қолдауы мұнымен шектелмейдi. Мәселен, Созақ ауданының Тасты ауылындағы «ҚазАтомӨнеркәсiптiң» еншiлес кәсiпорнының қаржысына салынып жатқан 50 орынды балабақша құрылысы осы қазан айында аяқталып, ел игiлiгiне берiледi.

Сапар аясында А.Жұмағалиев Шымкентке қазығын қаққан еншiлес һәм бағынышты кәсiпорындардың әкiмшiлiк кеңселерiн аралап, олардың ағымдағы жұмысына байланысты жиындар өткiздi. Оған қоса уран кенiштерiне де ат басын бұрды.

Тұтқабай ЕСЕНБАЙҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618