Сейсенбі, 21 Қазан 2025
Жаңалықтар 3801 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 11:19

РЕСЕЙ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ӘСКЕИ БАЗАСЫН КҮШЕЙТІП ЖАТЫР

Ресейдің қорғаныс министрлігі Тәжікстандағы әскери базасын қарсы соққы беретін тікұшақтармен күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Онда Душанбенің жанындағы Айни әуежайына Ми-24П тікұшақтарымен бірге Ми-8МТВ әскери-көлік тікұшақтары жіберілгені айтылған. Бірақ жалпы саны көрсетілмеген.

Бұл мәлімдеме алдында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде кездескен еді. Онда Рахмон Тәжікстанмен шекарадағы Ауғанстан аймағында исламшыл топтардың күшейіп кеткеніне алаңдайтынын жеткізген болатын.

Тәжікстанда Ресейдің құзыретіндегі 201-ші әскери базада жеті мыңға жуық ресейлік жауынгер орналасқан. Бұл – Ресей аумағынан тыс жердегі ең ірі ресейлік құрлық әскері.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1015
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10337