Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4446 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 02:00

АРЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Тоғыз жолдың торабында орын тепкен Арысты «Орта Азияның қақпасы» деп те атайды. Осынау шағын қалада қазір 73 мыңнан аса халық тұрып жатыр. 5 мың адамға дейінгі 32 елдімекен бар. Жергілікті халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығы, мал шаруашылығымен айналысса, қала тұрғындары негізінен темір жол мен әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бір кездері тоқырау заманды бастан өткерген қаланың бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Дей тұрғанмен Арысқа қарасты елді мекендерде жол, ауыз су тапшылығы сияқты шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ал соңғы кезде өңірде өрт шығу жайттары жиілеп кетті, - деп хабарлайды "Оңтүстік Рабат" газетінің тілшісі.

 17 қора өртеніп кетті

Соңғы уақытта арыстық-тарды өрт мезі етті. Монтайтас елдімекенінде әлдебіреу жергілікті тұрғындардың жем-шөп сақтайтын қора-қопсыларын өртеп кеткен. Әккі әрекетімен ауылды әуреге салған бұзақы әлі күнге ұстатпай жүр. Қазір ауылда өрт сөндіру қызметі мен тәртіп сақшылары кезекке қойылып, күн-түн демей күдіктіні қолға түсірудің қамында. Алайда одан нәтиже шықпай тұр. Бүгінге дейін ауылдағы 17 қора қызыл жалынға оранып үлгеріпті. Ал тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберуден ары аса алмауда. Жергілікті билік те тұрғындарға көмек көрсетуден теріс айналған. Өйткені, өрттен шығын болғандарға заң аясында қол ұшын беру қарастырылмаған, – дейді жергілікті билік өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін 300-ден аса куәгер тыңдалыпты. Қазіргі таңда сезікті ретінде екі жігіт ұсталғанымен, олардың кінәсі дәлелденбеген. Арыс аудандық ішкі істер бөліміндегілер болса сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр, — дейді.

Жылу қазандығы жаңартылған

И ә, иә 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген жылыту қазандығы биыл ғана қалпына келтірілді. Нысанды жөндеуге облыс бюджетінен 200 млн теңге қарастырылыпты. Қазандық жылыту маусымына дейін дайын болады дейді мұндағы жауапты мамандар. Бұдан басқа, жылу жұмыстары бойынша «Көктем-2» тұрғын ауданындағы қазандықтың құрылысына да 104,4 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу шаралары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталды. «Арыс жылу» мекемесіне жылу маусымына қажетті 3056 тонна қатты отын алу үшін 27,0 млн теңге қаржы бөлінген. Ал «Көктем-2» ауданындағы жылу қазандығына сұйық отын алу үшін қалалық бюджеттен 13,0 млн қаржы қарастырылыпты. Алдағы жылыту маусымына жалпы саны – 116 нысан дайын болуы тиіс.

Бір ғана бағдаршам орнатылды

13 көшені орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 82,8 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен бейнебақылау камераларын орнатуға 8,7 млн теңге қаралып, белгіленген орындарға 6 бейнебақылау жүйесі қойылыпты. Сондай-ақ, қала көшелері қиылыстарына бағдаршам орнату үшін 5,5 млн теңге қаралып, бүгінде бұл қаражатқа 1 ғана бағдаршам орнатылды. Ал, «Стадион» мөлтекауданындағы Қабылсай арнасынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына жергілікті бюджеттен 58,3 млн тенге қаржы қарастырылып, ағымдағы жылы құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен.

7 мың адамның велосипеді бар

Облыс тұрғындарының арыстықтардан үйренері бар. Өйткені, аймақтағы шағын шаһар халқы көк түтінді көліктерін үйге қойып, жұмысқа велосипедпен баруды үрдіске айналдырған. Қазір мұндағы қос доңғалақты қозғалыс құралының саны 7 мыңға жуықтаған. Бұл еліміздегі аудан орталықтары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Велосипедті көбіне теміржолшылар мінеді екен. Бұдан бөлек, Арыс қаласында үш әскери бөлім орналасқан. Ондағы жұмысшылар да теміржол көпірі арқылы велосипедпен қатынайды. Шаһар қонақтары велосипедке мінгендердің саны көптігіне таңданады екен. Ал, теміржолдағы жұмысшылар үшін аталмыш көлік құралы қозғалыстың ұтымды және тиімді жолы.

Аққалада жаңа мектеп ашылды

Ағымдағы жылы Арыстағы құрылыс жұмыстарына қаралған 908 млн теңге толығымен игерілген. Айталық, өткен жылы облыстық бюджет есебінен Жиделі ауылдық округі, Аққала елдімекеніндегі 200 орындық мектептің (365,6 млн теңге), «Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 90 және 60 пәтерлі тұрғын үйдің (697,7 млн теңге), қалалық Мәдениет үйінің (260,3 млн теңге), дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс (294,6 млн.теңге) жұмыстары толығымен аяқталды. Жергілікті бюджет есебінен Дермене ауылындағы 75 орындық балабақша құрылысына қаржы қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен «Шөгірлі» елдімекеніндегі 150 орындық, Шағыр ауылында 200 орындық орта мектептердің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аталмыш нысандар келер жылдың маусым айында пайдалануға берілмек. Ал биыл жергілікті бюджет есебінен «Қабылсай» елдімекеніндегі 150 орындық мектеп пен «Қаражантақ» елдіменіндегі 120 орындық мектеп, Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы саябақ, Арыс-Шардара тас жолы бойынан ипподром құрылыстарына қаржы қаралып, аталған нысандардың құрылысын салуға конкурс жарияланды.

Жұмыспен қамту ісі ақсап тұр

Тоғыз айдың көрсеткіші бойынша Арыс қаласы халықты жұмыспен қамту шараларын әлсіретіп алған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кезекті отырысында айтылды. Мәселен, Арыс қаласында оқу бітірген жастардың бір де бірі тұрақты жұмыс таппауда. Сондықтан халықтың жұмыспен қамтылу мәселесі бүгінде биліктің назарында. Бұл ретте осы салаға жауапты мамандарға бірқатар жауапкершілік артылды. Бұдан былай аудан-қалалардағы халықтың еңбекпен қамтылу мәселесі ай сайын талқыланып, орын алған олқылықтар ретке келтіріліп отыратын болды.

Судан тапшылық көрмейді

Арыстықтар өзен жағасына орналасса да бұған дейін тіршілік нәрінен кәдімгідей қиыншылық көріп келген еді. Енді міне, үш кезеңмен іске асқан ауқымды жұмыстың арқасында қалаға толықтай тәулік бойы су беріле бастады. Арыс қаласына жақын орналасқан Ақдала елдімекенінде бұған дейін тіршілік нәрі сағатпен беріліп келген. Оның өзі ауыл шетіне орналасқан кейбір үйлерге жетпей қалып халық әбден қиналатын. Сондай сәтте тұрғындар суды арнайы ыдысқа құйып алып, үнемдеп пайдаланып жүріпті.

Ал жаңадан салынған стансада 300 метр тереңдіктен алынатын су алдымен залалсыздандырылып, сыйымдылығы төрт мың текше метр су қоймасына құйылады. Осы жерден су айдағыш қондырғысы арқылы қаланың ең биік нүктесіндегі екі үлкен ыдысқа құйылады. Сосын тұрғындарға беріледі.

Арыс су топ-тастырылған бөлімшесінің басшысы Сайлау Әбдіхалықовтың айтуынша, мұнда 5 сусорғы бар. Екеуі 110 шаршы 1500 айналымнан сағатына 450 текше метр су айдайды. Осы сусорғылар қала халқын ауыз сумен толық қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, тоғыз жолдың торабына орналасқан Арыс қаласында 32 елдімекен бар болса, оның 18-і ғана құбыр суымен қамтылған. Қалған 12 -сі құдық суын, 3 елдімекен ұңғы суын пайдалануда. Мамандар жаңадан қосылған нысан тұтынушыларды тіршілік нәрімен тәулік бойына қамтамасыз етуге қауқарлы екенін айтып отыр.

Жансая Сыдықбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400