Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3845 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 14:04

ТҚЖБ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСҚА ШАҚЫРДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен депутат Тұрсынбек Өмірзақовты көшпелі отырысқа шақырды

Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітқазы Матаев мәлімдеді. Шара биылғы жылдың 15 қаңтарында өткізіледі деп белгіленді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысында Сауран және №24 көшелеріндегі сақалды құрылыс туралы мәселе қайта қозғалмақ. Бұл үй Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында салынып жатыр. Сейітқазы Матаевтың айтуынша, нысан 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда, әлі күнге дейін жүздеген астаналық тұрғын пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары – ұзын-ырғасы 242 адам жаңа үйге кіре алмай отыр. Әне-міне дегенше, қылышын сүйретіп қыс келеді. Астананың аязы ерте ұлитыны бәрімізге аян. Бұл адамдар күн суытпай пәтерлеріне кіруді қалайды. Биыл Астанада маусым айында көшпелі отырыс өткізген болатынбыз. Ол кезде біз көп уәде естіген едік. Астананың құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Ержас Айтуғанов кінәсін де мойындаған болатын. Өйткені, құрысқа тапсырма беруші – әкімдік. Ол банк салымшыларының алдында сөз алып, шілде айының аяғына дейін мемлекеттік актіге қол қойылады деп сөз берген еді. Сөзінде тұрмаса, астаналық шенеунік қызметінен кететінін де айтып, ант-су ішкен. Десе де, қазірге дейін бұл мәселе өз шешімін тапқан жоқ. Адамдардың еңсесі түскен. Қала билігінен митинг өткізуге рұқсат  сұрап отыр. Бізге де  арыздануда, – дейді ҚТҚЖБ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Сейітқазы Матаев.

         Былтыр елімізде ҚТҚЖБ желісі бойынша жеті түйткілді нысан болды. Матаевтың сөзіне қарағанда, қоғамдық кеңес мүшелері барлық сақалды құрылыстарды аралап, көзімен көріп шығып, шенеуніктермен және құрылыс салушылармен бірлесе отырып, мәселені шешуге ұмтылған. Соның нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жеті сақалды құрылыстың алтауы пайдалануға берілді. Қалғаны – осы Астанадағы тұрғын үй кешені.

     - Біз кезекті отырыс өткізуге байлам жасадық. Осы шараға қатысуды сұрап, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке хат жолдадық. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері отырысқа депутат Тұрсынбек Өмірзақовты да шақырып отыр. Оған да хат жолданды. Бұрындары ол тек қана парламент мінберінен, газет беттерінде ғана  тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің жұмысына алаңдаушылық білдіріп келген еді. Енді біз оған банк салымшыларына іс жүзінде қамқорлық білдіруге ұсыныс жасадық, – деп қорытындылады С. Матаев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060