Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4205 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 11:52

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ ЖИҺАД ЖАРИЯЛАДЫ

Ресей Федерациясының Кабулдағы елшілігі жанында бір мезетте бірнеше жарылыс болды. Жарылғыш заттарды террористер орнатты деген ақпарат бар. Қазір ғимарат қоршауға алынған, - деп хабарлайды Ұлт порталы.

Бұған дейін Reuters ақпараттық агенттігі Сауд Арабиясының дін өкілеттілігінің 53 мүшесі Ресейге, Иранға және Сирия үкіметіне қарсы «жиһад» ұйымдастыру мәселесін онлайн-режимде шешкен болатын.

Соңғы кезде Тәжікстанның Қорғантөбесіде орын тепкен ресейлік 201-ші әскери базаның айналасындағы жағдайлар шиеленісе түскен. Ауғанстанның солтүстігінде талибтердің қарасы көбейіп келе жатыр.  Осыдан тура бір апта бұрын Ресей әскері Сириядағы ИГИШ базаларын жаныштағанға дейін талибтер Кундуз қаласын басып алған болатын.

Белгілі болғандай, Талибан жауынгерлерінің көпшілік бөлігі бұрынғыдай ауғандықтар (этникалық пуштундар) емес. Олар Орта Азияның жергілікті діни-топтарын құратын лаңкестер: Өзбекстан Ислам қозғалысы, Ислам жиһад одағы және Ансарулла жамағаты. Арасында шешендер, дағыстандықтар, ұйғырлар, сонымен қатар, Аль-Каиданың мүшелері, ИГИШ пен Пәкістанның содырлары бар. Бұл Талибанның енді жергілікті этно-топтардан құралған қозғалыс емес екендігін анық көрсетеді.

Ресей СІМ хабарлауынша, Ауғанстанның солтүстік-шығысында талибтер мен Ислам мемлекеттері қосылып, қауіп төндіретін бір үлкен күшке айналғалы отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371