Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3572 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 09:31

ПОРОШЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА 9 ҚАЗАНДА КЕЛЕДІ

9 қазанда Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

"Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын  қарастыру көзделген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2370
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5309
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4577