Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 7628 1 пікір 6 Қазан, 2015 сағат 02:00

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың тағы бір құралы іске қо­сылды, -деп хабарлайды Алматы облыстық Жетісу газеті.

Ол «Ха­лық мар­­касы – 2015» байқауы. Оған отандық азық-тү­лік түрін өндіретін кә­сіп­орын­дар қа­ты­­сады. Үздіктерін тұтынушылар ин­тернет арқылы дауыс беріп, анық­тай­­ды. Жеңімпаздар 16 қазанда Ми­ланда өтіп жатқан «ЭКСПО – 2015» көрмесіндегі Қа­­зақстан павильио­нын­­­­­да марапат­талмақ. Сапаны куәландыратын аталмыш жо­ба бел­­гісі өндірушіге өз тауа­рын өткізудің жаңа белестерін бағын­дырып, тұтынушы се­ні­міне ие болуға жол ашады. Сон­­дай-ақ, бұл қатысушылардың бір-бірімен тәжірибе ал­масып, біліктілігін арттыруға ық­­­пал етпек.

Айта кетейік, қазір елде тауық етін шығару сиыр еті өнді­рі­сінен кейін екінші орында. Тек өткен жылдың өзінде ел көле­мін­де 3,2 млрд.-тан аса жұмыртқа, 148 мың тонна құс еті өндіріліпті. Был­тыр үш жаңа құс фабрикасы салынып, ішкі нарықта тұрақ­ты­лық­тың сақталуы мен сала да­муына айтарлықтай ықпал еткен. Игілікті іс нәтижесінде отандық өндірушілер ел тұрғындарының жұмыртқаға деген сұранысын 100 пайызға қанағаттандырған. Бір қуанарлығы, құс етін тұтыну­шы­лар қатары артқан сайын өн­діру көлемі жылдан-жылға ұл­ғайып келеді. Мәселен, 2000 жылдары небары 53,2 тонна құс еті пайдаланылса, қазіргісі 250-300 мың тонна. Бұл сұраныс әзірге 50 пайызға ғана ақталып отыр. Сондықтан, биыл ет өнді­ре­тін екі-үш ірі құс фабрикасын салу жоспарланған. Ойлаған іс көңіл­де­гідей іске асса, алдағы үш-төрт жылда Қазақстандағы ішкі на­рық­ты отандық құс етімен толық қамтуға мүмкіндік тумақ. Құс өсірушілер одағының болжа­мын­ша, биыл 5 млрд.-тан аса жұ­мырт­қа, 190,5 мың тоннадан аса құс еті өндіріледі деп көзделіп отыр.

Ал Жетісу өңірі бойынша құс шаруашылығымен айналысатын кә­сіпорындарда былтыр 57 мың тон­на құс еті, 700 млн. 500 мың жұ­мыртқа өндіріліпті. Осындай игілікті іспен шұғылданып, ал­дың­ғы қатардан көрініп келе жатқан «Когер ЛТД» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігі де аталмыш жо­баға қатысушылардың бірі. Тал­ды­қорған қаласының шет жағынан орын тепкен іргелі кәсіпорын 1997 жылы құс фабрикасы болып құ­рыл­ған. Содан бері талай биікті ба­ғындырып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Олардың бүгінгі тірлігі жаман емес. Оған құс басы­ның өсіп, өнім көлемінің артқаны дәлел. Зауыт 2005 – 2013 жыл ара­лығында 24,5 млн.-нан 189,6 млн.-ға дейін жұмыртқа өндірген.

– Облыста өткен байқауда өн­ді­рістік мақсаттағы үздік тауар өн­ді­руші аталымы бойынша бірінші орынды иелендік. Бұл біздің еңбе­гіміздің жемісі. Себебі, халыққа са­па­лы құс еті мен жұмыртқасын ұсы­­нудамыз. Жалпы, мұндай бай­қау­лар кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып, оның одан әрі дамуы­на серпін береді деп ойлаймын, – дей­­ді аталмыш серіктестік басшы­сының өндіріс жөніндегі орынба­са­ры Светлана Иванова.

Бұған зауыт жұмысымен та­ны­су кезінде тағы бір мәрте көз жет­кіз­дік. Аумағында атшаптырым алаңы бар кәсіпорынға бас сұқ­қан­да-ақ ерекше тазалыққа тәнті бо­ла­сың. Мұнда өсіріліп жатқан тауық­тар мен шығарылған жұ­мырт­­қалардың да саны аз емес. Фабрикада еңбеккерлердің сапа­лы өнім алып, бәсекелестікке қа­бі­летті болуына қажет жағдайдың бәрі қарастырылыпты. Үкімет қол­дауының арқасында мүмкіндігінше технологиялық тізбектер де жаңар­­тылған. Құс қоралары мен құрама жем, сою цехтары да ба­рынша жаңа құрылғылармен жаб­дық­талыпты. Жұмыстың басым бөлігі автоматты түрде жүргізіледі. Ол арнайы тетіктерді басқару арқылы жүзеге асырылуда. Жұ­мыртқа іріктейтін желі қол еңбегін қажет етпей-ақ атқарылып жатыр. Бұрындары осы желіде бірнеше адам еңбек етсе, қазіргісі элек­тро­никаның күшімен жүргізіледі.

Сонысымен ерекшеленетін құс фабрикасында жұмыртқалайтын тауық пен балапан саны өсіп ке­леді. Бұрындары бір құс меке­нінде төрт адам жұмыс істеп, жиырма же­ті мың тауықты күтіп-баптаса, бү­гінде жүз он мыңға дейінгі құс­ты небары екі-ақ адам бағады. Қалай десек те, жұмыртқа – әлеу­мет­тік жағынан маңызы бар тағам. Та­птырмайтын дәруменге бай та­биғи өнім нарықта жоғары сұра­ныс­қа ие. Тұтынушылар талғамы­нан шығу мақсатында мұндағы құс өсірушілер Германия, Голлан­дия сияқты шет мемлекеттерден сапалы өнім беретін «Ломан брауын», «Ломан ЛСЛ» құстарын әкеп, асыл тұқымды шаруашылық құр­ған. Бүгінде мекеме еңбек­кер­лері қалай болғанда да тапсырыс берушінің көңілінен шығып, жоғары межеден көрінуді көздейді.

Қазіргі кезде фермада өндірі­ліп жатқан құс еті мен жұмырт­қа­сы Талдықорғаннан бөлек Жам­был, Шымкент, Павлодар облысы мен Көкшетау, Алматы, Өскемен, Се­мей, Астана қалаларына, сон­дай-ақ, Ресей, Қырғыз елдері на­ры­ғында да саудаланады. Кәсіп­орын «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы­ның белсенді қатысушысы. Өнім­дері «Ақ құс» сауда маркасымен шығарылады. Өндіріс ошағында екі жүзден аса адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Олар қай жағынан болсын басшылық тара­пынан көрсетіліп жатқан қамқор­лық­қа дән риза. Осындай ауызбір­лік­тің арқасында былтыр 234 983 654 дана жұмыртқа шығарылып, еңбек өнімділігі 6,6 есеге ұлғайған. Соңғы жылдары әлемде де, елде де құс еті мен жұмыртқасын тұты­ну көлемі артты. Сол себепті де мұн­дай орындардың маңызы зор.

 Ләззат ЧИНГАЕВА мен Валентина СОРОКИНА, кәсіп­орын­­­ның байырғы еңбеккерлері:

– Құс фабрикасында еңбек еткенімізге он жылдан асыпты. Бас­тапқы кезде біраз қиындықтың болғаны рас. Соған мойы­­мас­тан төзімділік танытып, көп жұмысты қол­мен ат­қар­­дық. Шүкір, қазіргі жағдайымыз мүлде басқа. Өзде­ріңіз кө­ріп тұрғандай бәрі механикаландырылған. Кәсіп­орын көз ал­дымызда өсіп-өркендеп келеді. Әрине, оған қуа­ныш­ты­мыз. Өйт­кені мекеменің керегесі кеңейген сайын жаңа еңбек орын­дары ашылып, жағдайдың жақ­саруына ықпал ете­ді. Жас­тар кө­беюде, оларға бар білгенімізді үй­ре­теміз. Жала­қы­мыз да жаман емес. Мереке күндері ақшалай, зат­тай сый­лық­тар табыс еті­леді. Бұл жерде әртүрлі ұлт өкілдерінен құ­рал­ған еңбек адам­дары бір атаның баласындай ауызбір­лік­те жұ­мыс істейді. Кә­сіп­орын қаладан шалғай орналас­қан­дық­тан, бізді үйге арнайы ав­токөлік апарып, әкеледі. Осының ар­қа­сында бала­ларымызды өсіріп, оқытып, отбасын асырап отыр­мыз. Сондықтан серік­тестік басшысы Константин Шинге деген алғысымыз шексіз.

 ТҮЙІН:

Қалай десек те, құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де үлкен сұранысқа ие. Қайта құруға дейін елде құс жұмыртқасы мен етін өндіру және осындай құнарлы өнімдермен тұтынушыларды қамтамасыз ету толығымен құс шаруашылықтары арқылы жүзеге асырылып, талай жыл мал шаруашылығының алдыңғы қатарынан көрініп келді. Өндірілген өнімнің біраз бөлігі шетелдерге де жөнелтілді. Қазіргі кезде де тиімді технологияларды қолдану мен білікті мамандар еңбегінің арқасында бұл салада оң өзгеріс байқалуда. Өнеркәсіптік негізде қарқынды дамып, жұмыртқа, ет өндіру бағытында құс фабрикалары мен асылтұқымды зауыттар ашылып, репродуктор шаруашылық пен инкубатор стансылары ұйымдастырылуда.

 Айгүл Байбосынова,

“Жетісу”

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6020