Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5497 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 14:04

СИРИЯДАҒЫ РЕСЕЙ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ШАБУЫЛЫ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР ЖАРИЯЛАНДЫ

Интернеттен Украина мен Сириядағы Ресей әскерінің іс-қимылына айғақ-деректер іздеумен айналысатын ресейлік блогерлер ресейлік әскери ұшақтар тастаған бомбалар «Еркін Сирия армиясы» бақылауындағы Хомс қаласының солтүстігіндегі Тел-Биса (Талбиса) қаласында тұрғын үйлерге түскенін дәлелдейтін ақпараттарды жариялады. Бұл елдімекенге Ресейдің федерация кеңесі президент Владимир Путинге әуе күштерін шетелде қолдануға рұқсат берісімен іле-шала жасалған алғашқы әуе шабуылдары еді.

War In Ukraine (WIU) волонтерлер тобы жүргізген зерттеуде, әуе соққылары халық ең көп шоғырланған қала орталығына жасалғанын «Джейш-әл-Таухид» (Jaish al-Tawhid) тобының арнасында жарияланған видеоларды аталған аймақтың спутниктен түсірілген және өзге де көпшілікке ашық суреттермен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Зерттеуде ресейлік әуе күштері шабуылы кезінде нысанаға алынған Телл-Биса қаласы «сириялық ұстамды оппозиция» саналатын «Джейш-әл-Таухид» (Jaish al-Tawhid) тобының бақылауында болғанына дәлелдер келтірілген.

Сонымен бірге зерттеу барысында блогерлер Ресей әуе күштерінің Сирияда қолданып жатқаны – ОФАБ-250 жарқыншақты-фугас бомбасы екенін анықтаған.

Интернетте жарияланған ОФАБ-250 сипаттамасында оның басқарылмайтын бомба екендігі және нысанаға дөп тиетін қару түріне жатпайтыны айтылған. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі өкілдері Сирияда көздеген жерге дөп тиетін жоғары технологиялы қару түрі қоданылып жатыр деп мәлімдеген.

Сириялық оппозиция өкілдерінің мәлімдеуінше, Телл-Биса қаласында әуе шабуылы салдарынан 30-дан аса бейбіт тұрғын, солардың арасында әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Ресей әскери басшылығы өкілдері бұндай айыптауларды жоққа шығарып, «тек барлау мәліметтеріне сәйкес анықталған және елдімекендерден тыс аймақтағы нысаналарға ғана соққы жасалады» деп мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333