Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Алашорда 10639 0 пікір 4 Қазан, 2015 сағат 19:46

ТӘУКЕ ХАННЫҢ ХАТЫ

Тарихи тұрғыдан қарасақ, Тәуке ханның Осман билеушісі үшінші Ахметке жазған хаты өте құнды.

Хат Ресей мен Түркия арасындағы соғыс аяқталып, бейбітшілік туралы келісім жасалғаннан кейін жазылды деп топшылаймыз.

Хат билеушіні мадақтаумен басталады: «Атақты һәм даңқты, бойында ұлылық пен әділеттілік, абырой мен мейірбандық бар,  екі қасиетті қаланың иесі (Мекке мен Мәдина), шариғат бойынша бірауыздан таңдалып, діннің жанашыры ретінде белгілі болған мәртебелі Осман ханның ұрпағы Ахмет хан»

Кейін Қазақ хандығы мен Осман империясы дін-бауырлас екеніне арнайы тоқталып өтеді: «Сіздің шын досыңыз Ташкенттегі Афрасиабтың тағында отыр. Менің құзырымдағы адамдар және иелігімдегі жерлер: Түркістан, Әндіжан, Сайрам, Қарақалпақ және басқа да халықтар таңның атысы күннің батысы шариғат бойынша құлшылық етеміз»

Одан ары нақты шаруа жайында жазады: «Біздің хандығымыз бен Москов (Мәскеу) княздігінің арасында «Естек» аталған иелігіміз бар (автордың түп мәтінінде «Ака аштак» деп берілген, бұл бүгінгі башқұрт жері болуы мүмкін). Оның тұрғындары бәрі сүннет жолын ұстанушылар. Бұрын бұл жерді Мәскеу талқандап, өзінің иелігіне қосып алған еді. Сол кезден бастап олар Мәскеуге салық төлеумен жүр. Енді бұл халық өзінің әскері және байрағын алып бізге қоныс аударып жатыр. Бізге көмек қолын созсаңыздар Естектің сегіз қаласын дінсіздерден азат етіп, мұсылман бауырымызға көмектесе аламыз. Егер тізе қосып аттансақ, Мәскеуге айтарлықтай зиян келтіруге болады»

Бірақ бұл қазақ-түрік одағы жүзеге аспады.

И. Ерофееваның «1675-1821 жылдар аралығындағы қазақ билеушілерінің хат түрінде қалған мұрасы» еңбегінен алынды.
Аударған Рүстем Нүркен
namys.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2493
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 678
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651