Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 10185 0 пікір 1 Қазан, 2015 сағат 13:39

КҮЙЕК

Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын көптеген өңірлердегі малшылар алғашқы қардың ызғарымен күзектен көшіп қыстаулыққа беттеді. Шөбі шүйгін жайлаудың малы қоңлы, қойы семіз, қошқары өз міндетін бұлжытпай орындауға сақадай-сай... 
Алайда, малшылар саулықтардың беймезгіл сәтте "арамза" төлдеуіне жол бермеу үшін еркек қозыны ерте көктемде пішіп, ең мықты қошқарды күйітті шағынан тиып күйек тағады. Көп өңірде қазан айының басына күйек алынып, қошқарға еркіндік беріледі. Қысқасы, бұл әр қазақтың біле жүруіне тиісті қарапайым ақпар.
Дегенмен, өткен ғасырдың соңғы ширегінде шығыстағы көршіміз адамдардың да перзентті болуын тежеп, қатаң шектеу саясатын жолға қойды, өйтпеске амал жоқ, жер өспейді, адам өседі. Шығыс еріктен тыс жағдайда ұрпақ көбейтуді тежеп жатқанда, батыс өз еркімен балалы болудан бас тартатындардың артуымен ерекшеленді. Ал осы ғасырдың басында шығыс көршіміз халық санын ғана емес, мал басын да көбейтпей, шекті деңгейде ұстау талабын қойып, арнайы саясат түзіп атқарып отыр. Демек, күйек тағылған күйітті қошқар жыл сайын көбейе түспек. Қысқасы, жер шарында ерікті азаю мен еріктен тыс көбею жүріп жатыр. Тағы бір қызығы, кең байтақ Қазақияда мал өсіруге ниеттілер анау айтқандай көп емес болса, шекараның арғы бетінде өсірем дейтіндерге жер мен рұқсат және мүмкіндік жоқ. Қарама-қайшылыққа толы дөңгеленген дүние деген осы шығар...

Жарқын Сәленұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328