ПУТИН СИРИЯ АУМАҒЫНДА СОҒЫСПАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ
Путин Ресейдің Сирия аумағында соғысу ойы жоқ екенін мәлімдеді.
Кремль Сирия аумағында және қандай да бір елде ешқандай әскери операцияға қатыспайды. Әзірге дәл мұндай жоспарымызда жоқ. Осылай деп Ресей президенті Владимир Путин CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Бұл сұхбат БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездеспестен бұрын жарияланды.
Ресей лидері сонымен бірге «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының құрамында екі мыңға жуық бұрынғы пост советтік елдердің азаматы соғысып жүргенін айтты. «Олардың елдеріне оралуын күткенше, мемлекеттік әскери құрылымдарды күшейтіп, терроризммен күресу керек», - деді Владимир Путин.
Вашингтон өз кезегінде Ресейдің Сирияда әскери әлеуетін арттыруына алаңдайды. Путин мен Ресей билігіндегі басқа да өкілдер бұған дейін Ресей «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күрес үшін Сирия президенті Башар Асад әскерін дайындықтан өткізіп, қару-жарақ жеткізіп жатқанын мәлімдеген.
Абай-ақпарат