Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 5164 0 пікір 23 Қыркүйек, 2015 сағат 12:29

БҮГІНГІ РЕСЕЙДІҢ РУСЬҚА ТҮК ҚАТЫСЫ ЖОҚ

Негізі бүгінгі ресейдің Русьқа түк қатысы жоқ. Русь дегеніміз Украина. Оның алтын бесігі де сол жақта, Киевте жатыр.

Ал қазіргі орыстарды баяғыдан бері «Московиттер» деп атап келген. 1277 жылы Меңлі-Темірдің бұйрығы бойынша құрылған Мәскеу патшалығы Алтын орданың бір ұлысы ғана болатын. Себебі, Киев русінің кезіндегі жылнамаларға көз жіберсек, онда Мәскеу туралы бірде-бір мәлімет жоқ. Бірақ, Мәскеу патшалары кейін мемлекет құру үшін күшті негіз болуы керектігін түсініп, Русь деген атауды өздеріне меншіктеп алды. Мүмкін Алтын Ордамен байланысын біржола үзіп, өздерін бұрыннан келе жатқан мықты мемлекет етіп көрсеткісі келген болар?! Өйткені 1600 жылға дейін орыс мемлекетіндегі тарихи тұлғалардың түгелге дерлігі Ұлы Даладан келгендер еді. Ақсүйектерінің алпыс пайызы ордалықтар болатын. Сондықтан Иван Грозныйдың тұсынан бері елдің өткен шежіресі қатты бұрмаланып, Ресейдің тың тарихын жазу басталды. Украинаға қырғидай тиіп жатқан бір себебі де осында жатыр. Кеңес үкіметі кезінен бері «Нағыз Русь дегеніміз – Московия» деген осы тұжырымдаманы қара халықтың санасына құюда. Тіпті державаның тарихшылары «Мәскеу русьі» деген жаңа түсінік те енгізді. Мәскеу патшалығының өмір бойы ордалықтарға алым-салық төлеп келген құлақ кесті боданы болғанын түсінген Алексей Толстойдің өзі бұл туралы былай деп жазған:

«И вот, наглотавшись татарщины всласть, вы Русью её назовёте!». «Московская Русь» — это извращение. Не «Московская Русь», а «Московская орда» как часть большой Орды — вот такое определение было бы исторически точным. Золотая Орда — колыбель России. Мы настолько заплутали в своей ордынской истории, что неспособны узнать в Украине РУСЬ. Мы — ОРДА. Именно в такой оптике раскрывается подлинный, глубинный смысл нынешнего противостояния Украины и России. Это противостояние РУСИ и ОРДЫ, нагло считающей себя «Русью»...

Жолымбет Мәкішев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір