МӘСКЕУЛІКТЕР «ПУТИН КЕТСІН» ДЕП ҰРАНДАТЫП ЖАТЫР
Мәскеудің мыңдаған тұрғыны «Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен оның үкіметі отставкаға кетсін» деп ұрандатып, көшеге шықты, – деп хабарлайды rusnsn.info/ сайты.
(Қараңыз: http://rusnsn.info/protesty/v-moskve-sostoyalsya-miting-za-otstavku-putina.html)
Орыс ұлтшылдарының түрлі ұйымдары жалпыхалықтық қарсылық көрсетіп, митинг аясында өздерінің талаптарын айтқан. Олар халықтың назарын мынандай мәселелерге аударып, үндеу тастады.
- Путин мен оның үкіметі отставкаға кетсін!
- «Единая Россия» партиясы мен Путинің басқа жақтастары жойылсын!
- Сөз еркіндігі, сайлау еркіндігін қалпына келтірілсін!
- Саяси тұтқындар бостандық алсын һәм саяси құрбандардың өліміне кінәлілер жазалансын!
Естеріңізге саламыз, «Путиннің отставкаға кетуін» талап еткен акция 2011 жылы Александр Беловтің (Поткин) бастамасымен басталған болатын. Мамандар Путин бүгінгі қатерлі саясатын өзгертпесе, мұндай саяси шерулер жалғаса беруі мүмкін екенін айтады.
Abai.kz