Сенбі, 23 Қараша 2024
Ұят-ай! 9292 0 пікір 21 Қыркүйек, 2015 сағат 12:18

ЭМ-СИ САЙЛАУБЕК ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Өткен сенбіде «Гәкку» телеарнасы ұйымдастырған «Гәкку дауысы» концертіне «Қазнет жұлдызы» атанған «МС Сайлаубек» деген рэпер шықты. Өзге түгілі, өзі де түсінбейтін белгісіз тілде «рэперлеткен» Сайлаубектің танымал әншілермен бірге сахнаға шыққаны көпшілікті таң-тамаша қалдырды.

Ең алдымен Сайлаубектің атына тіркелген «МС» (эм-си) деген қос әріп нені білдіреді? Интернет иірімінде берілген анықтамаға қарағанда, «МС» рэперлер тілінде – суырыпсалма әнші. Яғни, рэп-музыканың жетегімен әлеуметтік тақырыпта өлең (ән) оқитын адам.

 Ал Алматыдағы алып сахнаға бұл «суырыпсалма» қайдан шыға қалды? Ол жағы «Гәкку дауысы» жобасының авторларына ғана мәлім жәйт болса керек. Десек те, Сайлаубектің продюсері «Астана» телеарнасына берген сұхбатында рэпер республика көлемінде гастрольге шығатынын айтты. «Есіктен кіріп, төр менікі» деген Сайлаубек кім еді?

«Өзі қарапайым жігіт болғандықтан, жүрегі таза, көңілі ақ, кішіпейіл қыздарды ұнатады. Қазіргі таңда Сәкеңнің басы бос. Сондай қыз табылып жатса, дүркіретіп той жасауға дайын», – дейді Сайлаубектің продюсері. Тіпті тойға Тиматиді шақыру жоспарда бар екен.

Осылайша, әнші болуды армандайтындар бір-ақ күнде бір концертпен «жұлдыз» болып шыға кетеріне көз жетті. Ал ондай «көлденең көк аттыны» танымал еткен кім? Әрине, талғамы таяз телеарналар!

Содан соң өнерді қадір тұтуы тиіс танымал жұлдыздар «көк аттымен» қатар сахнаға шығуға арлануы керек қой! Жоқ, біздің бетке ұстар әншілеріміз бүгінде «көше жұлдыздарымен» дуэт айтуға да кет әрі емес. Күні кеше көше кезген атыраулық азамат өзін «жұлдыз» санамаса да, оған деген шоу-бизнес өкілдерінің көзқарасы басқаша сыңайлы. Үш-төрт ай бұрын тыңдармандарына топтың таралатынын айтып, кейін оны жоққа шығарған «Орда» тобы да ырылдақ рэпермен ән айтуды армандайтын көрінеді.

Ол – ол ма, «Эм-Си»-мен қосылып ән айтуға кезекте тұрған танымал әншілер де жетерлік.

Ал танымал жас ақын Ақберен Елгезек өзінің «Facebook» парақшасына: «МС Сайлаубек» жобасы – бүгінгі қоғамның азып-тозған, құлдырап кеткен рухани сұранысы» деп жазыпты. Бұл енді шындыққа қоңсы пікір болса керек...

Жансая ЕРТАЙ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (302) от 17 сентября 2015 г. 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407