Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5166 0 пікір 23 Ақпан, 2016 сағат 11:05

ЫСТАНБҰЛҒА ОРЫС ТІЛІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖАСАУ КЕРЕК

Ресейдің ЛДРП партиясының лидері Владимир Жириновский «Русская служба новостей» агенттігіне берген сұхбатында өзінің Түркияда әскери комендант болуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы «Москва-Баку» порталы ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Мен 1945 жылғы Берлиндегі Жуков сияқты, Түркиядағы азат етілген территорияларда әскери комендант болуға дайынмын. Онда Ыстамбұлға бұрынғы Константинополь деген атын қайтарып, православие храмдарын қалпына келтіріп, орыс тілін екінші мемлекеттік тіл жасау керек», – деді Жириновский.

Ол қазір Түркияны жойып жіберіп, оның территориясын сонда тұратын бірнеше ұлттың арасына бөліп тастау керек екенін айтты.

«Түркияның мүлдем болмауы үшін толық жойып жіберу керек. Оны күрдтерге, армяндарға, гректерге, болгарларға бөліп беру керек. Сонда бәрінің аузы жабылады. НАТО ешқандай да желеумен бұған араласа алмайды, оған Түркияның керегі де жоқ», – деп түсіндірді саясаткер мұны.

ЛДПР лидері бұл үшін Ресейдің әскери көмегі керек болатынын бағыт сілтеді.

«Бұл әскери жоспардың жүзеге асуына тек Ресей ғана көмектесе алады. Күрдтер Анкараны екі аптаның ішінде-ақ басып алуға дайын, оларға тек қазіргі заманғы қару-жарақтар керек. Армяндар да кек қайтаруды армандайды, бұдан жүз жыл бұрын оларды қырғынға ұшыратқан», – деп атап өтті Жириновский.

Саясаткер одақтастары арасынан Анкараны ешкімнің де қорғауға ниетті емес екеніне сенім білдіріп отыр. Олай бола қалса, үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді.

«Ештеңе де басталмайды! Бұл – босқа адасу. Еуропа ешқашан Түркия үшін соғыспайды. Олар онсыз да жақсы тұрып жатыр. Америкаға қайдағы бір түріктер үшін бүкіл планетаны түтінге көму неменеге керек», – деп түйіндеді Жириновский.

Nur.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383