АҚШ РЕСЕЙГЕ СИРИЯДАҒЫ ӘСКЕРІНІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІН ХАБАРЛАДЫ
Пентагон Ресейден жергілікті сарбаздарды соғысу тәсілдеріне үйретіп жатқан өзінің әскерлері орналасқан Сирияның солтүстігін шабуылдамауын сұрады.
Бұл өтініш әлі орындалып жатыр деп хабарлайды France Presse агенттігі Таяу Шығыстағы америкалық күштердің қолбасшысы, генерал-лейтенант Чарльз Браунға сілтеме жасай отырып.
Өткен жылы Пентагон Сирияға елу шақты кеңесші жібереді деп мәлімдеген болатын. Бірақ қауіпсіздікті сақтап, олардың орналасқан жерін құпия ұстаған. Ресейге тек олар орналасқан аудан жөнінде мәлімет берген.
Сирияда екі тараптың әскерлерінің соқтығысып қалуына жол бермеу үшін АҚШ және Ресей қорғаныс күштері бірнеше рет кеңес өткізген.
Абай-ақпарат