АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Өткен сенбі күні Алматы қаласында Toibiznes.kz жарнама порталы «Қайырымды жандар» белсенді еріктілер тобымен бірлесіп «Той-мен бөліс» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
«Тойбизнес» компаниясын құрушы кәсіпкерлердің айтуынша жобаның алғашқы жарнамасына бөлінген бюджетті бірауыздан қайырымдылыққа бөлуге шешім қабылдаған. Бұл тұрғыда «Toibiznes.kz» компаниясының директоры Әділхан Базарбаев былай дейді:
- Әуел баста жарнамаға бөлінген қаражатты ірі сауда орындарында флешмоб түрінде жарқ-жұрқ еткізіп өткізгіміз келген. Бірақ, Елбасымыздың жарлығымен 1 наурыз «Алғыс айту» күні қарсаңында халыққа тосын сый жасағымыз келді. Компания атынан бір жүк машинасын ең қажетті азық-түлікпен толтырып, екінші жүк машинасын бос қойдық. Әлеуметтік желілер арқылы жаңа іс бастаған жас кәсіпкерлерге үндеу жолдадық.
Абай-ақпарат