Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3383 0 пікір 17 Ақпан, 2016 сағат 10:08

БАС ПРОКУРОР КЕТІП, ҮКІМЕТ ҚАЛДЫ

Президент Петр Порошенко билікке деген «сенімді қалпына келтіру» үшін қызметтен кетуге шақырған премьер-министр Арсений Яценюктің үкіметі орнында қалды.

Украинада бас прокурор Виктор Шокинды тамыр-таныстарын тартады, Майдан белсенділеріне қарсы қылмысты тексеруге кедергі келтірді және жемқор прокурорлар мен шенеуніктерді қорғайды деп айыптайды. Шокин бірден бас прокурор қызметінен кету туралы өтініш берді, ал Жоғарғы Радада үкіметтің өткен жылғы жұмысының нәтижелері туралы есеп берген премьер Яценюк президенттің сөздерін елең қылмады.

"Рейтинг" социологиялық зерттеулер тобының жақында жасаған сауалнамасына сәйкес, Яценюк үкіметінің орнынан кетуін украиндықтардың 71 пайызы қолдайды, 18 пайызы қарсы.

Жоғарғы Рада Яценюктің есебін тыңдап болған соң, 247 депутат үкіметтің жұмысын көңілден шықпайды деп бағалады, алайда қажетті 226 дауыс жиналмағандықтан үкіметке сенімсіздік білдіру туралы шешім қабылданбады. Яценюктің үкіметін қызметінен кетіруге 32 дауыс жетпей қалды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480