Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5337 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 09:47

ӨЗБЕК ӘНШІСІН "ҰЯТСЫЗ ВИДЕОСЫ" ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯДАН АЙЫРДЫ

Өзбек әншісін «ұятсыз видеосы» үшін лицензиядан айырды

Өзбекстанда жалаңаш денесін көрсеткен Тамила есімді әншінің (құжаттағы есімі Эсмеральда Рахматова) төңірегінде дау шықты.

Telegram  әлеуметтік желісінде әншіге қатысты екі бейнежазба таралған соң, «Узбекнаво» эстрадалық бірлестігі Тамиланың әншілік лицензиясын тоқтатқан. Даулы видеодан кейін продюсер Нажот Агзамов та әншімен әріптестігін үзіп отыр.

Қаңтардың 28-де әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаның бірінде белгісіз ер адам әнші Тамилаға ұқсайтын әйелден танымалдыққа дейін қандай болғанын сұрайды.  Бұған жауап ретінде жас әйел шалбарын шешіп, еңкейген қалпы камераға бұрылады. Екінші видеода әнші Тамила ретінде таныстырылған жас әйел көшеде жалаңаш қыдырып жүр.

Sayyod.com веб-сайтының журналисімен телефон арқылы тілдескен әнші Тамила алғашқы видеодағы әйелдің өзі екенін мойындаған. Алайда әнші екінші бейнежазбаға өзінің еш қатысы жоқтығын айтып отыр.

Әлеуметтік желілерде өзбек шенеуніктерінің Тамилаға қатысты шығарған шешімінің заңдылығына қатысты дау тууындады.

Пікірталасқа қатысушылар Тамиланың бұл әрекетін қоғам алдында жасамағанын, әншінің орнына екеудің әңгімесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген адамды жауапқа тарту қажеттігін айтуда.

Бүл оқиғаға дейін Тамила мұрнындағы сырғасымен түскен суреті үшін аяусыз сынға ұшыраған еді. Ол кезде де «Узбекнаво»әншіні лицензиясынан айырған еді.

2015  жылдың қарашасында әнші Өзбекстан мен елден тысқары аумақтарда концерт қоюға қайтадан рұқсат алған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279