Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Айтқыш екен 8014 0 пікір 30 Қаңтар, 2016 сағат 13:21

ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕЙДІ

- Мені де тізімге кіргізіңдерші?..
- Қолыңнан не келеді?
- Шыңғырып ән айта аламын.
- Е, бізде уже ондай бар.
- Құлақшекеден қонжитуды қатырамын.
- Ондай да бар.
- Бір ай бойы ұйықтай аламын.
- Түуу,соныда сөз деп! Бізде бірнеше жыл бойы ұйықтай алатындар бар. Сонымен басқа ештеңе келмей ме қолыңнан?
- Не ғой, менің түкірігім жерге түспейді.
- Қойшы-ей! Шын ба?!
- Шын! Аспанға қарап түкіріп жіберемін, түспейді...
- Мәссаған, сенде шанс бар-ей! Қазір ызбандап үлкен басекеңе айтып көрейін. Басеке, солай да солай ....
- Е, болмайды екен?
- Мә, неге?! 
- Айта алмаймын. Бәпше саған енді түкіруге тыйым салды. Бізде түкірігі жерге түспейтін жан бар және ол біреу екен. Канкуреніт керек емес дейді. Солай, бырат, ренжіме.
- Тұра тұршы, білесің бе, мен бір жеріммен бал аша аламын.
- Түүу, сен тормыз екенсің, мана бірден неге айтпадың! Қазір мен басекеңе ызбандайын. Басеке,..

Нұрлан Сәдірдің FB-дағы парақшасынан алынды. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036