Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Қоғам 5675 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 11:56

ҚАЗАҚСТАН – ЕРКІНДІГІ ШЕКТЕЛГЕН ЕЛ

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы «Әлемдегі еркіндік — 2016» деп аталатын есебін жариялады.

Онда 195 елдің саяси және азаматтық еркіндіктері жөнінде айтылған. Баяндамада елдерді «еркін», «жартылай еркін», «еркіндігі шектелген» деп бөлген. Қазақстан бұл тізімде «еркіндігі шектелген» елдер қатарына кіреді.

Қазақстандағы саяси бостандықты Freedom House 6 баллмен бағалапты. Азаматтардың еркіндігіне — 5 балл қойған. Мұндағы 1 баллдан (максимум — бостандық жағдайы өте жақсы) 7 баллдық (минимум — жағдай өте нашар) өлшеммен белгіленген.

Қазақстан рейтінгісіне 2015 жылдағы БАҚ-қа қатысты оқиғалар себеп болған. Қазақстан билігін сынағаны үшін 2015 жылы Ratel.kz, ADAM bol журналы және «Республика» оппозициялық газеті жабылды. «Аныз адам» журналы төңірегінде үлкен дау болды. «Жас Алаш» газетін де сотқа берді.

Freedom House баяндамасында Қазақстан Әзербайжан, Беларусь және Өзбекстан елдерінің қатарында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1511
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5822