Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4295 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 09:53

ТАНЫМАЛ ӘНШІ НАРГИЗ ЗАКИРОВА МӘСКЕУДЕ ШАБУЫЛҒА ТАП БОЛҒАН


Eltuz.com интернет-басылымы куәгердің сөздеріне сілтеме жасап, Өзбекстандағы атақты музыкалық династия — Закировтердің өкілі Наргиз Закироваға Мәскеудегі Крокус Сити Холл ойын-сауық кешеніндегі Backstage мейрамханасында әлдекімдердің балағаттап, бокал лақтырғанын жазады.

«Мейрамхананың VIP бөлігінде отырған әйел сахнаға алкоголь құйылған бокал көтеріп шығып, Наргиздің ұлтын балағаттай бастады. Осыдан кейін, қолындағы бокалды Наргизге қарай лақтырып жіберді», - деп жазады интернет-басылым.

Ресейлік басылымның жазуынша, Наргиз Закироваға екі әйел шабуыл жасаған. Кикілжің кезінде, мейрамхана күзетшілері залды тастап кетіп қалған.

Backstage мейрамханасында болған жағдайға байланысты Наргиздің өзі Facebook парақшасында былай деп жазады:

«Ешкім ол әйелдің аты-жөнін айтқысы келмеді. Ол сахнаға алкогольі бар бокалмен келіп, өрескел сөзбен балағаттады. «Менде сен сияқты өзбектер, үйімді тазалайды!!!» деді. Осыдан кейін бокалды лақтырып жіберді. Менің музыканттарым қатты састы. Осыдан кейін тағы бір әйел келіп, дөрекілік танытты. Дәл осы жабайы оқиғада мейрамхана күзетшілері ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Мейрамхана менеджері мені олар сіздің жанкүйерлеріңіз ғой деп жылы жабуға тырысты», - деп жазады Наргиз Закирова.  

Наргиз Закированың әлеуметтік желідегі жанкүйерлері Наргизден ол әйелдерге құқық қорғау органдарына өтініш жазып, жауапқа тарту керектігін талап етті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357