Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3883 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:41

ТӘЖІКСТАНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Тәжікстанның қалалары мен аудандарында қосымша бекеттер пайда болды.

Душанбедегі мемлекеттік нысандардың жанында және адам аяғы көп жиналатын орындарда тәртіп сақшыларының саны көбейген.

Тәжікстан ішкі істер минисстрлігінің ресми өкілі Джалолиддин Садриддин қауіпсіздік шараларын күшейту құқық қорғау органдарының дайындығын пысықтау мақсатында қолға алынғаны туралы хабарлады. «Жеке құрамның дайындығын тексеру – әдеттегі шара. Жағдай бірқалыпты. Мұндай тексеру айына бір-екі мәрте боп тұрады», - деді ол.

Қазір бекеттерде МАИ қызметкерлерімен бірге көліктерді қарулы арнайы жасақ тексеруде. Мұндай жағдайды Қорған-Төбе мен Кулябтан да көруге болады. 

Тәжікстанда қауіпсіздік шараларын шұғыл күшейту соңғы рет, былтырғы жылдың қыркүйек айындағы оқиғалардан соң және ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт Ұйымының Душанбедегі саммитінің қарсаңында қолға алынған еді. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 193
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 212
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 205