Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3552 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:35

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ СОТТАЛДЫ

Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев Алматыдағы соттың шешімімен екі және үш жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру» дейтін 174-ші бабымен кінәлі деп танылды. Сотталушылар өздерін айыпты ретінде мойындамады, белсенділердің жақтастары бұл істің саяси астары туралы мәлімдеді. Сот үкімімен Мәмбеталин мен Нарымбаевқа түрмедегі жазасын өтеп шыққаннан кейін бес жыл бойы қоғамдық-саяси қызметпен шұғылдануларына тыйым салынды.

Қылмыстық істің басталуына белсенділердің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларына «Ветер с улицы» кітабынан үзінді келтіргендері себеп болды. Сотталушылардың өздері кітаптың үзіндісін интернеттен көшіріп алғандарын айтады. Кітаптың авторы, келесі белсенді Мұрат Телібеков сотта жарық көрмеген кітабында мұндай мәтіннің жоқтығы туралы мәлімдеді. Мұрат Телібековтің үстінен де қылмыстық іс қозғалды.Сотталушылар мәтінді көшіріп алдық деген сайттың иесі Александр Ляхов та тергеушілерге жауап беруде. ​Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин Алматыда былтыр желтоқсанның 12-сі күні тұтқындалды.

Бұған дейін Ермек Нарымбаев билікке қарсы наразылық шаралары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған еді.

Серікжан Мәмбеталин өзі басқарған «Руханият» партиясы 2011 жылы қаңтардың 15-де парламент сайлауына қатысу құқығынан айырылған соң партия төрағалығынан кетіп, әлеуметтік желілерде билікті сынауға көшкен еді.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы үкіметтің атына сын айтқаны үшін Қазақстандағы белсенділерді тұтқындаудың жаңа толқынын тоқтатуға шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354