Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Қоғам 5829 0 пікір 20 Қаңтар, 2016 сағат 12:19

АЛМАТЫДА "ҚАРА ЖАМЫЛҒАНДАР" "ШЕРУЛЕТІП" ЖАТЫР

Алматыда бүгін ипотекалық несиеге үй алып, қарызын өтей алмай жүрген ондаған борышкер “Казкоммерцбанктің” Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізіп жатыр.

Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, борышкерлер талаптарын айту үшін банк басшылығының сыртқа шығып, өздерімен кездесуін талап етіп жатыр. Борышкерлер экономикалық жағдай мен теңгенің үздіксіз құнсыздануына байланысты қарыздарын төлей алмай жатқанын айтып, қарыздарының қайта есептелуін талап етеді. Наразылар үстілеріне көздері ғана көрінетіндей ғана етіп қара мата жауып шыққан.

Бөлімшеден шыққан банк өкілі борышкерлерге талаптарын жазбаша түрде тапсыруды сұрады. Бірақ борышкерлер оған қарсылық білдіріп, “Төраға, сыртқа шық! ( деп ұрандап айқайлап тұрып алды.

Азаттық борышкерлер наразылығынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2570
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5474
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4798