Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4772 0 пікір 19 Қаңтар, 2016 сағат 17:43

БАЛАЛАРЫМ ТІРІ ӘКЕЛЕРІНЕ ҚҰРАН БАҒЫШТАП ЖҮР

"Адамды жалғыздық шаршатады екен. Жеті жылдан бері жалғызбасты анамын. Сүйіп қосылған күйеуімнің бір ұрғанын көтере алмай, қызулыққа салынып, ажырасып кетіп ем, бүгінде сол шешіміме қатты өкініп жүрмін. Сыртымнан бақытты жанға ұқсағаныммен, ішімнен өкіріп жүргенімді кім білсін... 

Екі көзқуанышым бар. Қызым 9 жаста, ұлым 7-ге толады. Әкесіз өсіп келеді. Өтірігіме сенген екеуі әкелерінің жаны жұмақта жүр деп ойлайды. Жұма сайын қызым: "Тоқаш пісіріп, әкемізге құран бағыштайық!" дегенде өзімді күнаhар ана сезініп, безініп кетемін. Олар әкелерінің тірі екенін, сырттарынан көріп, қызығып, мәңгі бірге болуды армандап, барынша көмек қолын созып жүргенін қайдан білсін. Әкелері бар тапқанын мен арқылы екі қошақанына беруден жаңылған емес. Ол әлі күнге отбасы құрған жоқ. Тіпті тырыспады да. 

Ал, мен болсам көрінгенмен көңіл көтеретін көңілшек келіншек атандым. Сыраға құмарттым, әлі арыла алмай келем сол әдеттен. 

Аға, айтыңызшы, не істесем болады? Өтірік өмір сүруден шаршап кеттім. Күйеуімді кешірсем, мені Алла кешіретін шығар-ә, қалай ойлайсыз? Неге үндемейсіз? Әлде мас деп жиркеніп отырсыз ба? 

... Аға, маған осы жерден тоқтай салыңыз. Рақмет! Сау болыңыз, әйеліңізді ұрмаңыз..."

Айдар Сейдазым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450