Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4775 0 пікір 18 Қаңтар, 2016 сағат 06:57

ЖАЛАҚЫ ҮШІН ҚОЙ АЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

Қазақстанның бюджеттен тыс жиналған мұнай қоры жөнсіз жұмсала берсе, көп ұзамай сарқылуы мүмкін. Осы мәселе жайында Батыс баспасөзіндегі сын-ескерту елде қызу талқыға түсіп жатыр.

Соңғы күндері қазақстандық ақпарат құралдары вице-премьер Бақытжан Сағынтаев пен қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың жаңа әлемдік экономикалық дағдарыс басталып, мұнай бағасы тоқтаусыз арзандаған тұста Қазақстан ұлттық қорының «өміршеңдігі» жайлы айтқан мәлімдемелерін таратуда.

АҚШ-тың Wall Street Journal газетіне «ұлттық қор ондағы ақша мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалып жатқандықтан және мұнай бағасының арзандауына байланысты «жұқарып» барады, инвестициялау саясаты өзгермесе, қордағы ақша жеті жылға ғана жетеді» деген пікір білдірген соң экономист Берік Өтемұрат «Қазақстан ұлттық банкі инвестициялық корпорациясы» басшысы қызметінен босатылды. Ал, осы тұста үкімет мүшелері оптимистік сарындағы мәлімдемелер жариялап жіберді.

Қош, ұлттық қордағы ақша түгесілсе не болады? Бұл сұраққа бүгінгі күні Түркіменстанда болып жатқан оқиғаларды мысалға келтірген жөн сияқты. Қазір Түркіменстандағы мемлекеттік мекемелер қолда не бар, айлықты сонымен төлеп жатыр. Мәселен, "Түркіменмалдары" мемлекеттік бірлестігі еңбекақыны қоймен беріп жатқан көрінеді. 

Ахал уәләяты мал шаруашылығы комплексінде жұмыс істейтін Селим мемлекеттік бірлестікте қолма-қол ақша жоқ болғандықтан, жұмысшыларға айлықты малмен төлеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бір мал - 270 манатқа бағаланады. «Бір қой — шамамен 16-18 килограмм ет. Жұмысшылар амалсыздан еңбек ақысын малмен алуларына тура келеді. Олар басқа не істей алады?», — дейді Селим. Оның сөзінше, малды базарға апарып сатады, сөйтіп қолдарына ақша алады.


Доллар бағамы бүгінгіндей шарықтап, теңгеміз құлдырай берсе, бізде де жалақы орнына маңырап мал жүруі ықтимал. Cол кезде мынандай жарнамалардың көбеюі әбден мүмкін.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475