Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7858 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:59

ҚАЗАҚСТАН АШ ҚАЛҒАН 20 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ. БҰЛ НЕ СӨЗ?

Жерінің асты байлыққа толы бола тұра халқы аш-жалаңаш жүрген ел - Қазақстан екенін Халықаралық сауда-саттық саясатын зерттеу институты (ХССЗИ) "сүйіншілеп" жатыр. Аталған институттың мәліметінше,  "дамыған 30 елдің сапына кірмек болып әрекет етіп жатқан" мемлекетіміз ашыққан мемлекеттердің 16-орынына тұрақтаған. Global Hunger Index рейтингісіне сәйкес, Қазақстанда азаматтарының 2,5 пайызы күнделікті нанын таппай отырған көрінеді-міс.

Nur.kz ақпараттық порталының жазуынша, аш халық саны ең көп ел — Орталықафрикалық республика. Онда тұрғындардың 47.7 пайызы аштыққа ұшыраған. Жағдайы төмен тұрғындар көбіне Чад, Замбия, Шығыс Тимор, Сьерра-Леоне, Гаити, Мадагаскар және Ауғанстанда кезігіп жатады.

Ресейде халықтың 0,7 пайызы аштықтан зардап шегуде. Белоруссияда — 0,8 пайыз, Украинада — 1,2 пайыз. Посткеңестік республикалар ішінде ең нашар көрсеткіш Тәжікстаннан байқалды (33,2 пайыз).

Болгарияда — 9 пайыз, Молдавияда — 12,2 пайыз, Өзбекстанда — 13,3 пайыз, Қырғызстанда — 8 пайыз, ал Түркіменстанда — 32 пайыз тұрғындар аштыққа душар болған. Солтүстік Кореяда халықтың 41 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.

Ал Қазақстан әлемдегі аш елдер рейтингінде Өзбекстан мен Тәжікстанды басып озған. 

Ресей аталған рейтингте 11-орынды, Қырғызстан 27-орын, Өзбекстан 43-орынды, Түркменстан 40-орынды иеленген. Бұл санаққа аштық индексі 5-тен төмен елдер қатыстырылмағанын естеріңізге саламыз.

Қош! Енді мына мәліметтерге назар салыңыз...

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай мемлекет. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он  үшінші орында.

Қорғасын  22 % (әлем бойынша бірінші орын).
Мырыш – 15,2 % (әлем бойынша бірінші орын).
Уран – 18,9 % (әлем бойынша екінші орын).
Хром рудасы – 37,6 % (әлем бойынша бірінші орын).
Барит – 47,2 % (әлем бойынша бірінші орын).
Көмір – 3,1 % (әлем бойынша алтыншы орын).
Мұнай – 3,2 % (әлем бойынша жетінші орын).
Алтын – 2,7 % (әлем бойынша сегізінші орын).
Күміс – 16 % (әлем бойынша екінші орын).
Мыс – 7,1 % (әлем бойынша үшінші орын).
Никель – 1,4 % (әлем бойынша он екінші орын).
Кобальт – 3,9 % (әлем бойынша бесінші орын).
Бокситтер – 1,4 % (әлем бойынша оныншы орын).
Темір – 6 % (әлем бойынша бесінші орын).
Марганец – 30 % (әлем бойынша екінші орын).
Фосфориттер – 4,5 % (әлем бойынша алтыншы орын

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам.

Бұл байлықпен 17 миллион халықты былай қойып, 170 миллион адамды асырауға болады. Әрине, "алтын күміс ас емес", алайда, Халықаралық сауда-саттық саясатын зерттеу институты Қазақстанды халқы аш мемлекеттердің қатарына қосқанда қандай талаптарды басшылыққа алды екен? Ол жағы белгісіз. Бәлкім, әлеуметтік себеттегі (социальная корзина) азық-түліктің мөлшері мен құнарын есептеген шығар? Олай болса, бұл есеп халықтың жалпы ашқұрсақ екендігін білдірмейді. Егер қазақтың бір жылда кемі бір-екі қой немесе бір қараны алып соғып, жеп алатынын ескерсек,  біздің қасымызда нағыз аш ел Еуропа елдері болып шығауы мүмкін... 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371