Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3286 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 12:42

ЖАҚСЫБЕКОВ РЕСЕЙЛІК БАНКТІ САТЫП АЛДЫ

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банктің 80% акциясының қожайыны болды. Бұл хабарды bk55.ru порталы таратып отыр.

13 қаңтарда шыққан басылымның мәліметі бойынша, ААҚ "Плюс Банк" банктің 83,32% акциясы қазақстандық Цеснабанкке тиесілі екенін ресми түрде мәлімдеді. Ал Цеснабанктің иесі ҚР экс-қорғаныс министрі, қазіргі кезде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков. "Коммерциялық хабардың" мәліметінше, қалған 14,68% акция Біріккен Араб Әмірлігінің «Линекс Глобал СЭЗ»-ге тиесілі. Бұған дейін Плюс Банк "Омск Банк" деп аталғанын еске сала кетейік. 2004 жылдан бастап оны қазақстандық ТуранАлем банкі бақылап келген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5451