Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3893 0 пікір 13 Қаңтар, 2016 сағат 13:35

СТАМБҰЛДА ЖАРЫЛЫСТАН 10 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Стамбулдың орталығында бүгін жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза тапты деп хабарлайды халықаралық агенттіктер.

Жарылыс қаланың туристер көп жүретін Сұлтанахмет алаңында болған. Стамбул билігінің хабарлауынша, жарылыстан 15 адам жараланған. Түркияның Dogan агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетіп, полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасаған. Жарылыс болған аумаққа тарихи, туристер көп баратын Сұлтанахмет мешіті, Айя София мешіті мен Топкапи сарайы жақын орналасқан. Қазан айында Анкарада екі жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапқан. Прокуратура жарылыстарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары жасаған дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1252
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 900
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849