ТІС АҒАРТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Біздің Сұлулық зертханасы бүгінгі басылымда тіс ағартудың ең тиімді тәсілін ұсынып отыр.
Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады.
Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ оның сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді.
Тіс ағартудағы бірінші көмекші — ас содасы деп жатады. Алайда, біз тіс эмалын құртып алмай, онымен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін:
- Әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен жуыңыз;
- Одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын алып тамызыңыз;
- Тісіңізді екінші мәрте ысқылап, жуыңыз;
- Аузыңызды жылы сумен шайыңыз.
Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады.
Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттіртпей -ақ, Сізді армандаған аппақ тістердің иесі етеді. Оған қоса, ауыз қуысыңызда балғындық дәмі сезіле бастайды.
Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.
jas.kz