ПАРСЫ ТАРИХЫ БАСТАУЫН МАҢҒЫСТАУДАН АЛАДЫ
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 78 408 412 адам (2015). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. (Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Парсы (Иран) халқы өз бастауын Қазақ даласының бір пұшпағы ежелгі Манқыстаулық МАД (Ма Адай) патшалығынан алады. Оны тіпті ол қалай деп бас ауыртпай-ақ «ар» деген сөз түбірінен (өз түбінен, өз атасынан) «ан» деген жалғаудан да айқын көруге болады. Шындығында да ежелгі тарихқа «Парфия» деген атпен енген патшалықтың негізін Аршақ атамыз қалады. Бүткіл әлемге жорық шеккен Серілер (Рыцарство) осы жерден бастау алған. Бұл патшалық Қазар (Қас би) теңізінің жағасында, қазіргі Манқыстау, Түрікмен, Парсы жерінде өмір сүрді. Қазіргі Иран елі, бізше айтқанда Парсылар сол Парфия мемлекетінің жалғасы. Қазіргі түрікмен жеріндегі бір жазық дала күні бүгінде де Ар жазығы деп аталады.
«Бұл жайлы Страбон: «Каспий теңізінен бастап скифтердің көпшілік бөлігі Дай (Адай М.Қ.) деп аталады. Одан ары шығысқа қарай тұратындары массагеттер мен скифтер дейді. Алайда, әрбір тайпаның өз атаулары бар. Олардың ішіндегі ең танымалдары – сақтар мен соғдылардан соң Яқсарт жағасынан келген астар, пасиактар, тохарлар мен сакаравлдар. Бұл жағалауды сақтар иеленген...» деп жазыпты. Страбон осы тайпалардың грек-бактра патшалығының құлауында шешуші рөл атқарғанын атап көрсетеді... «парны-дай пришли с северных берегов Азовского моря, но тут же он делает оговорку, что не все согласны с тем, что дай есть среди скифов, живущих над Меотидой. От этих скифов-даев ведет свой род Аршак...» (34).
Антик авторлары дайларды Геродот жазған массагеттерге қарайтын жерлерге орналастырады. Осылардың бәрі де – не дайлардың (дахтардың) бастапқыда массагеттердің солтүстік жағындағы аймақтарға қоныстанғанын, не дайлардың жалпы массагеттік ру-тайпалар конфедерациясына кіргендігін көрсетеді. Б.з.д. 111 ғасырдың орта тұсында дайлар Хасарлы (Каспий) теңізінің (Парфияға шекаралас) оңт-шығыс жағалауындағы аймақтарға, яғни бүгінгі Түрікпенстанға қоныстанады, сүйтіп олар тарих сахнасында массагеттердің орнын басады.(35) Сол уақыттан Хасарлы теңізінің шығыс жағында көшпелілер жалпылама түрде «дайлар» деп атала бастаған. (36)
Ал Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин дайларды аландардың (соңғы атауы Алаш М.Қ.) ата-бабасы деп жазыпты. Бұл дай – алан этникалық сабақтастығын көрсетеді». (С.Қондыбай. «Есен-Қазақ» Алматы. 2002. 287-288 беттер). Өте дұрыс пікір. Дайлар (Адайлар) Адам атаның қарашаңырағының иесі болса, солай болмағанда қалай болушы еді.
... «Ал, парсы және қазақ тілдерінде ортақ сөздер мыңдап саналады. Оның көпшілігі діни қиссалар, діни ағартушылыққа арналған шығармаларда ислам дініне қатысты ортақ терминдер, мұсылман елдерінің ортақ рухани қазынасы болып есептеледі. Мәселен: Құдай, пайғамбар, періште, рух, намаз, ораза, құрбан айт, сахаба, имам, мешіт, тақуа, жәннат, ібіліс, шайтан, тозақ, жын сынды сөздер мұсылмандардың дүниетанымына, өмірлік философиясына, психологиялық ахуалына әсер етері хақ. ...Олардан да басқа аға, ханым, абжи (әпке, әпше), адаш (адас, аттас), ағаж (ағаш), ақ, ақсақал, ақсұңқар, ақшам, алтон (алтын), әтабәк (атабек, 1. ата, 2. ханзадалардың тәрбиешісі), ожақ (1.ошақ, пеш, 2. шаңырақ, 3. пір, ұстаз), әхше (ақша), орду (орда), әфәнди (әпенді, мырза, көне түркі тілінде сыйлаған адамға айтылатын ізетті сөз), олже (олжа), өләнг (өлең шөп), батлақ (батпақ), аяқ, из (із), ил (ел), илчи (елші), тәмға (таңба), кешлақ (қыстақ), қошун (әскер, қосын), кәлич (қылыш), құш (құс), кезлик (кездік, кішкентай пышақ), гәлин (келін), йурт (жұрт), йорға (жорға), қәдәм (адым, қадам), әжәл (ажал), пәк (адал), әзанчи (азаншы), азад (әзәд), кәм (аз), әза (аза), әждәһа (айдаһар), бағ (бақ), тәжробе (байым, тәжрибе), құрбағе (бақа), бақи (бақи), бағше (бақша), әсәл (бал), қан (қан, хан), хасийэт (қасиет), бихасийэт (қасиетсіз) т.т. болып кете береді» (Ислам Жеменей «Мұхаммед Хайдар Дулат» Алматы 2007. 285 бет).
Парсы елі өз тегінің Манқыстаулық Ман Адайлардан басталатынын жақсы біледі. Әйтпесе, Тарих ғылымдарының докторы, Тегерандағы Шәһид Беһеште атындағы университеттің профессоры Риза Шабани «Иран тарихы» атты кітабының бірінші тарауын МАД-тарға арнамаған болар еді.
«Иранның батыс және орталық аймақтарында өмір сүрген мадтар тарихы әлі күнге дейін толық айқындалмаған. Б.з.д. 11-1 мың жылдар аралығында Иран оңтүстігінде арий тайпалары өмір сүрді-міс.
...Ашур тайпаларының бірі б.з.д. 838 жылы Амадай мен Парсуашты (парсуа) басып алған еді. Соған қарағанда Амадайдың Мад екені күмән келтірмейді. Өйткені ашурилер тарихы бедерленген құлпытастарда Мад атауы кездеседі.
...Мадтардың алты үлкен тайпасы өзара одақтасып, әдәуір күшейген соң көрші елдерге қауіп төндіре алатын жағдайға жетті. (Ма Адай – Қара, Алты Алаш, Алтай айтылып отыр. М.Қ).
...МАД билеушілерінің санын тоғыз адамға жеткізген. ...Сол замандағы арий дәстүрі бойынша тайпаның білгір, құрметті де әділетті ақсақалдары қоғамдық істердің басшысы болып сайланған. Диакуды сайлауда да (б.э.д. 728 ж.) осы принциптер сақталды. (Тоғыз саны Тобыштардың сандық атауы. М.Қ.).
...Диаку тек қана мадтардың ғана емес, манай және кимри тайпаларының да басын қосты. Кимри иран текті тайпалардың бірі еді. Олар сәкалармен бірге (сақтар) Кавказдан өтіп, ашурилер мен урартулар тәрізді өзара бақталас екі мемлекеттің шекарасына жақын қоныстанған болатын.
...Мадтар мен парсылар арасындағы қарым-қатынас ортақ жауға бірігіп күресу мен өзара мүдделестік негізінде қалыптасып, көп уақыттарға дейін сақталып келді. Сондықтан грек тарихшылары оларды бір тектен шыққан деп санап, өздері мен ирандықтар арасындағы соғысты «мад шайқастары» деп атап кетті. ...Мад мемлекеті күшейіп, тарих сахнасында ұлы арий мемлекеті пайда болды. ...Биліктің ешқандай қан төкпей-ақ орын ауыстыруы мад пен парстың бір-біріне соншалықты жақын екенін көрсетеді.
...Тағы бір қызықты жәйт – діни рәсімдердің орындаушысы да, бақылаушысы да, мадтардың «мұғ» деп аталатын дни басшылары және парсылардың діни қызметкерлері тарапынан жүргізілетін еді. Бұл да мадтар мен парстардың бір кездері Иране-Виже тайпаларынан бөлініп шыққандығын көрсетеді. Оның белгісі екі тайпа ежелгі діни салттарды ортақтаса орындап келе жатқаны және парсы тайпасының діни рәсімдерін мад тайпасының діни жетекшілері орындайтындығы болып табылады.
...Һовехшәтре дәуіріндегі кең байтақ мад патшалығы әлемдік деңгейдегі ірі патшалық болды. Қандас екі тайпаның (мад-парс) мәдени мұрасы үзілмей, парсы халқының дәстүрінде өз жалғасын тапты.
...Ахеменидтер мемлекет басқару істерін мадтардан үйренді. Сарайларының сәнінде де мад билігінің соңғы кезеңінің белгілері байқалатын. ...Аталмыш жеңілдіктер ішінде жыл сайын бір МАД киімін (Мадтардың ұзын, жеңі кең шапанын кию парсы ақсүйектер арасында дәстүрге айналған еді, және бұл киім патшаның ең жақсы шапандарының бірі болып есептелетін – ауд.) сыйлау және парсылардың салтында ең бағалы сыйлықтарды тарту ету (6-35 беттер).
Түсініктеме: МАД патшалығының атауы қысқартылған сөз. Негізгі атауы Ман Адай. Ежелгі тарихи шежірелердің бәрінде де МАД, Мадай, Матай, Маадай-Қара деп хатталған. Еске ұстайық, сол МАД патшалығының орнында, яғни сол Мандардың қысқы тұрағы Манқыстауда, сол Адтардың (Адайлардың) тікелей ұрпақтары Адай деген атпен күні бүгінде де осы жерде отыр.
Ал, Ман мен Адайдың қайсысы атасы, қайсысы баласы (ұрпағы) дейтін болсақ, бұл жерде Ман - Адай атаның баласы делініп тұр. Біз мұны Адай (1-6-1-11) және Ман (15-1-16) деген сандық жүйеден айқын көре аламыз.
...МАД билеушілерінің санын тоғыз адамға жеткізген. (Шыңғысханның «тоғыз өрлігі» осының жалғасы).
...жыл сайын бір МАД киімін (Мадтардың ұзын, жеңі кең шапанын кию парсы ақсүйектер арасында дәстүрге айналған еді, және бұл киім патшаның ең жақсы шапандарының бірі болып есептелетін) сыйға тартады. (Ата мен Ағаға шапан жабу Манқыстаулық Қаз Адайлардың дәстүрінде сол күйінде сақталған).
...Мад мемлекеті күшейіп, тарих сахнасында ұлы арий мемлекеті пайда болды. (Риза Шабани «Иран тарихы» Алматы-2002. 6-16 беттер).
Қазақтың үш, Адайдың сегіз арысы, Араб (Тәзікелер), Парсылар т.т., яғни атауының түбірінде Ар деген сөз бар елдер мен ұлыстардың шығу тегі осы. Бәрі де Ма Адай патшалығынан бастау алады.
Мына көрші орыс халқының аналарын Мад (Мат) деп атайтындарының сыры осы. Демек, ежелгі орыстар шыққан тегін жақсы білген.
Арабтарда біледі. Әйтпесе олар әлемге әйгілі қалаларының атын Меке (Ман әке) мен Мадина деп атамаған болар еді.
Риза Шабанидің жоғарыда көрсетілген «Иран тарихы» атты еңбегінің тағы бір жерінде Балықшы Бүйе әулеттері 932-1055 жылдар аралығында Парсы (Иран) елінде патшалық құрды делінеді:
Олар кейіннен өз биліктерін орнатып, әмірліктің негізін қалады. Бүйе әулетінде патшалық еткен билеушілер төмендегілер:
1. Әли (Имад-әд Доуле). Мәрдавиж қолдауымен Әжәм Ирактың бір бөлігіне әмірін жүргізді. Артынша, бұл іске өкінген Мәрдавиж тез арада бауыры Вошмгирді жасақтап, соғысуға жөнелтті. Әли Әһваз қаласына қашып кетті де, Вошмгир Исфаханды басып алды. Араға уақыт салып Әли Мәрдавижбен татуласып, бітімге келіп, 950 жылы Ширазда дүние салды. Әлиден ұрпақ қалмағандықтан, Хасан Рокн-әд Доуленің ұлы Пәна Хосроу (Әзд-әд Доуле) таққа отырды.
2. Рокн-Ад Доуле Хасан. Бүйе әулеттерінің ішінде беделі жағынан екінші орында
тұрды. 948 жылға дейін өмір сүрген. Өмірінің соңында Исфаһанда ұлы Әзд-Ад Доулені өзі мұрагер етіп жариялады. Кейінгі ұлы Әлиге (Фахр Ад Доуле) Хамадан, Казвин, Рей қалаларын тапсырып, үшінші ұлы Мүйід Әд Доулені Исфаһанға әкім етіп тағайындады.
3. Ахмет (Мүәз Әд Доуле). 946 жылы Әхваз қаласында тұрған ол Халифа Мұстакфи-Белланың сарайы дағдарысқа ұшырағанынан хабардар болған соң, сол жылдың тамыз айында Бағдадқа келіп, өз қосынымен халифаның қызметінде болатынын айтты. Халифа оған құрмет көрсетіп, шапан жауып, «Мүәз Әд Доуле» деген ат берді. Ал оның бауыры Әлиді «Имад Әд Доуле» деп атады. Хасанға «Рокн Әд Доуле» лақабын беріп, халифа жарлығын, жалауын, сондай-ақ, сый шапанын тапсырды. Содан кейін бүліншіліктен туындаған үрей басылып, жұртшылық тыныш тапты. Мүәз Ад Доуле Патшалық істерді қолға алды. Ал халифа бұйрық беру, ту мен шапанды жіберу, жарғы мен хаттарға жауап беруден артық жауапкершілікке ие бола алмады. Осылайша, Аббаси халифалары саяси биліктен мақрұм қала берді. Олар тек қана діни билікті қанағат тұтуға мәжбүр болды. Кейінгі Иран патшалығының билеушілері де билікті ресми бекіту үшін халифаның құптауына мұқтаж болды. Мүәз Әд Доуле Аббаси халифатын жойып, орнына шиитерді сайлауды мақсат етті. Бұл ниетін кейбір жақын сырластары байқап қалып, оның жоспарына қарсы көзқарас білдірді.
967 жылы Ахмет қайтыс болды. Хасан Рокн Әд Доуленің өлімінен кейі Бүйе әулеттерінің өлкесі былайша: Хасанның ұлы Әзд Әд Доуле, Ахмет Мүәз Әд Доуленің ұлы Әзд Әд Доуле Бахтияр, Рокн Әд Доуленің ұлы Мүәй Әд Доуле арасында бөлінді. Олар билеген аймақтар Фарс дейләмдері, Ирак, Хузестан, Керман дейләмдері, Рей, Хамадан, Исфаһан дейләмдері деп аталды.
Бұл үшеуінің арасында аса жақсы байланыс болмады, дегенмен олар біршама уақыт Иранның орталық және батыс аймақтарына билік жүргізді» (136-137 беттер).
Біз бұл деректерден Балықшылардың Х-Х1 ғасырларда жүз жылдан аса уақыт бойы Иран елінің билігінде болғанын көреміз. Ал, билеушінің қасында Адай руының басым көпшілігінің бірге жүретіндігі дауға жатпайды. Ол замандарда туған-тумаласы, өзінің төл жұрты аз адамдар билікке жете алмаған. Осы балықшылардың тегінің Қазақ, оның ішінде Адай Ата ұрпақтары екендігін мына бір ауыз сөздің өзі-ақ «халифа жарлығын, жалауын, сондай-ақ, сый шапанын тапсырды», «ту мен шапанды жіберді» дегені толықтай айғақ бола алады. Себебі, бүкіл жер шарында Қазақтан басқа ел бір-біріне шапан жаппайды.
Балықшы – біріккен сөз. Ал (сөз түбірі), бал, ық, лық, балық деген сөздер мен «шы» жалғаулығынан тұрады.
Ал – Алта, Алты, Алтау, алты ауыл, алты Алаш (алдыңғы алты ел: 1 буын Құдайке, Келімберді. 2 буын Тәзіке. 3 буын Қосай. 4 буын Құнанорыс. 5 буын Ақпан. Алтыншы буын Балықшы. Алашқа жатқан алты еліміз осы), Алшын (Кіші жүз руларының түп атасы), Алғы, Алдыңғы, Алғашқы (ең бірінші деген мағына береді), Алғи – Адайдың ежелгі ұраны, Алаш (бүкіл қазақтың ұраны), Алман (Алмания, бүгінгі Германия елін шетел қазақтары күні бүгінде де осылай атайды. Бұл сөздің негізгі мағынасы Алаш Манның ұрпағы), Алтай тауы мен өлкесі, Алатау, Алып (Алпі) (жалпылама атау, Алдыңғы елдің және ең алғашқы жылқы малын қолға үйретіп, ат қылып мінген ұлы елдің атына қойылған) ары қарай алыс, алғыс, алып, алу, алмау т.т. болып кете береді.
«Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары (Арыстар М.Қ.) келіп қоныстанды» («Иран Ислам Республикасы» http://1referat.kz/geografiya-ekonomikalyk-geografiya-geologiya-geodeziya/iran-islam respublikasy.html).
Ал, арийлердің өз бастауын Маңғыстаулық МАД патшалығынан алатындығы ежелгі шежірелердің бәрінде де айтылады. Қазақтың Үш арысы (Ағарыс, Жанарыс, Беғарыс), Адайдың сегіз арыс (Тәзіке, Қосай, Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Тобыш, Мұңал) деп аталатынының сыры осы.
Сыр өңіріндегі Арыс өзені осы айтқанымыздың топономикалық айғақтамасы болып табылады.
«Иран – әлемдегі ең ежелгі мемлекеттердің бірі» («Страны мира, Политический справочник» Москва-1986г). Қазіргі жазба тарихтың бәрінде де Иран (Парсы) мемлекетінің құрылғаны 5 000 жылдан әрі де делінеді. Ал, олар өз тегін Маңғыстаулық МАД (Ман Адай) патшалығынан аламыз деп отыр.
Астанасы Тегеран (Текеран). Албания астанасы да ежелде Текеран деп аталған. Батыс Қазақстандағы бүгінгі Орал қаласының ежелгі атауы да Теке. Трагедия сөзі грек тілінде «текелер әні» деп аударылады. Демек, бәрінің шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның шежіресінен алады. Маңғыстауда Теке руы-Бәйбіше-Шылым-Айтумыс-Бұзау-Келімберді-Адай болып таратылады. Демек, Аршактың руын Теке деп батыл айтуымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттің негізін қалаған ежелгі рулар, астанасына өз аталарының есімдерін қойған. Мысалы, Шыңғыс қаған құрған Қазақ қағанатының астанасының Қарақұрым атанатын себебі, Қара да, Құрым да сол Шыңғысханның (Мұңалдың) арғы аталары болатын. Текенің толық мағынасы, нағыз әке деген мағына береді. «Т» дыбысы, сөздің қай жерінде қолданылса да, толды-толысты, кемеліне келді, ал «еке» Атам қазақтың «әке» деген сөзі. Арабиядағы Меке қаласының атауы да осы – Ман әке. Маңғыстаулықтардың күні бүгінде де Тұржанға – Тұреке, Нұржанға – Нұреке, Мұқанға – Мәке, Нағымадинге - Нәке, Сержанға - Сәке, Берікке - Беке т.т. деп сөйлейтіндеріміздің сыры осы.
Иран еліндегі Қазаққа қатысты атау жалғыз Текеран емес. Ол елде төмендегідей жер-су, тау, елді мекен атаулары күні бүгінде де сақталған: Қаз ерін (Казерун), Ман (Манд), Теңге (Тенге), Жем (Джем), Адай қала (Тайбад), Қожа Қала (Хаджи абад), Нұр қала (Нұрабад), Ақтау (Актау), Қызыл өзен, Әли қала (Али абад), Сары, Құм, Жұпар (Жупар), Қарашай (Карачай), Қимақ тау, Тәжен, Семей (Семнан) т.т. болып кете береді.
Ежелгі ирандықтар өздерін, соған сәйкес бүкіл әлем тарихшылары ирандықтарды Арыстар (ариец) деп атаған. Олардың Парсы аталып, сөз түбірінде «Ар» деген ұғымды ұстап жүргендерінің сыры да осы.
Тарих тағлымы: Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, өзінің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Жаңылысатын тек қана адамдардың санасы, яғни ақылы мен білімдерінің деңгейі ғана.
«Иран сөзінің этимологиясы бастауын «Авестадан» алатын «арыс» деген ұғымнан, яғни «Арыстар елінен» алады.
Ағамандар (Ақпандар б.э.д. 550—327 жж) дәуірінде Дайлардан (Адайлардан М.Қ.) шыққан Аршак мемлекетін (б.ж.с. дейінгі 250 — б. ж.с. 224) Арыстар елі деп атады. (Аршак – бізше Ар Сақ болып шығады).
Сасандар мемлекеті (б.ж.с. 224—651жж.) Авесталық деректен шығатын «Арыстар патшалығы» дегенді білдіреді. Сасанидтердің арнайы лауазымы Еран мен Анеранның патшаларының патшасы деп аталды.
Олар өздерін ескі замандардан бері «ирани» (ирандықтармыз) деп атағанымен, олар 1935 жылға дейін ежелгі грекше атауы «Персия» деп аталып келді. Сол жылдан бері Иран шахы Резаның талап етуімен Иран деп аталып келеді». (Иран – Википедия).
Міне осылайша, олардың өздері де, бүкіл әлем тарихы да Иранның тегін Маңғыстаулық Қаз Адайдан шығарады.
Арыстардың Адай шежіресіндегі атауы Жары - Адай атаның кенже немересі Мұңалдан тарайды. Адай – Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары болып таратылады. Ел аузындағы «Жары көп пе, тары көп пе?» делінетінінің сыры осы. Жарының түбірі «Ар» болатыны да осы. Әлемді билеген Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс қағанның да тегі осы Мұңал-Жары руының Қиян (Қиятынан) тарайды. Бүкіл жер шарының түпкір-түпкіріне барып отау тіккен Арыстар Қаз Адайдан енші алып бөлек шыққандар, Ал Маңғыстаулық Қаз Адайлар қарашаңырақта қалғаны болып табылады.
«Бізге жеткен діни мәтіндер ішіндегі ең ескілерінің бірі «Авеста». Осыдан 3,5 мың жылдай бұрын Заратуштра (Зардөш) пайғамбар түзген мәтін. (М. Бойс. «Зорастрийцы») Осы ғалымның жазуынша көктем мерекесі күні таңертең өзенге шомылып жағаға шыға берген Заратуштра қарсы алдында күндей жарқырап тұрған құдіретті көреді. Оқиға Каспий теңізінің теріскей шығысындағы далада түйелі ауылда орын алған. Бұл жарқырап тұрған Құдай Даналық Иесі яғни ескі парсы тілінде Ахурамазда екен. Ахурамазда Зәрдөшке уахи түсіреді. Оны Зәрдөш көкірегіне құйып алады. Даналық Иесі Зәрдөшке әлемнің ақиқатын ашады. Зәрдеш сол ақиқат жөнінде уағыз айта бастайды. Зәрдөшке аян етілген ақиқат не еді? Ол былай. Құдай жалғыз. Ол Даналық Иесі. Ол мейірбан, әділ, құдіретті. Адам жалғыз Даналық Иесіне сиынуы керек. Күн сайын 5 рет мінәжат етуі керек. Дүниені жаратқан сол Даналық Иесі. Құдай дүниені еш кемшіліксіз кемел жаратқан. Бірақ Анграмайн Сайтан Құдай жаратқанның бәріне қарсы шықты. Бәріне залал келтірді. Көкмайса даланы қураған шөлге айналдырды. Тұщы теңізді тұзды көлге айналдырды. Адамды азғырды. Бір-бірімен жауластырып қойды. Ол сайтаннан корғану үшін Адам тек ізгі ой, ізгі сөз, ізгі істерге берілуі керек. Ахурамазда Құдай зұлым Сайтан Анграмайнмен Жер бетінде ақырзаманға шейін айқасады. Адам осы ұзақ та ұлы шайқаста Құдай жағына шығуы керек. Құдай Сайтанды заманақыр басталғанда жеңіп шығады. Адамдарды тірілтеді. Қыл көпір арқылы жүргізеді. Отты өзеннен өткізеді. Осынау Қияметқайым сынақтары арқылы жақсылар мен жамандар ажыратылады. Соңғылардардың барар жері мәңгілік азап болса, жақсылардың барар жері мәңгілік рахат мекен болмақ» (Смағұл Елубай «Қиямет-Қайым ғасыры» 21 бет).
Түсініктеме: Сол түйелі ауылдың орны Маңғыстауда күні бүгінде де бар. «Қаратүйе Маната» деп аталады.
«Авестада» айтылатын көне Қаңға қаласы Маңғыстаудың ең түпкі төрі Түпқарағанда (Қарағантүп, Қараған түбек деп те айтыла береді) орналасқан. Ол аймақ күні бүгінде де Қанға баба деп аталады. Ханға бабаның тікелей мағынасы Хан аға (Ханға). Ең алғашқы Хан деген лауазымға ие болған осы атамыз. Біртұтас қытай халқының негізін қалаған Хан әулеті де осы Маңғыстаулық Хаңға бабалықтар. Әлем тарихы мен мәдениетін сан рет дүр сілікіндірген бүгінгі Қаңлылыр осы атамыздың ұрпақтары. Себебі, сөз түбірі жаңылыспайды. Хан атамыздың атына жалғанған «Лы» жалғауы тәуелділікті (мысалы, пәленшенің ауылы) білдірсе, соңғы «Ы» дыбысы баласы, ұрпағы дегенді білдіреді (мысалы, Әбубәкір Кердері дегенімізде, бұл Әбубәкір Кердерінің баласы дегенді білдіреді). Бұл бүкіл әлем мәдениеті Маңғыстаудан басталады деген сөз. Маңғыстаудың «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталатынының да сыры осы.
Ұлы мәдениеті бүкіл әлемді мойындатқан бұл ел жайлы, «Кәдімгі тарих» атты фундаменталды ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасырда былай деп жазыпты: «Бірінші ел (мемлекет), яғни осылай деп аталуға лайық» өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық... Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді», «кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты».
Тарих тағлымы: Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын тай басар, Артында бар оңалар. Сол ұлы елдің артында (қарашаңырағында) Қазақ елі отыр.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Abai.kz